ЗК-169/5 мекемесінің қызметкерлері қорытынды сынақ тапсыруда

ЗК-169/5 мекемесінің қызметкерлері қорытынды сынақ тапсыруда

06.11.2020 Выкл. Автор САҚШЫ INFO

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына және «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығы мазмұнын және ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы»

ІІМ-нің 2017 жылғы 6 маусымдағы бұйрығына сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық сақтық шараларын сақтай отырып біліктілік сыныптарын жоғарылату, төмендету бойынша Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ЗК-169/5 мекемесінің қызметкерлерінен жылдық сынақтар қабылдануда.

Жылдық сынақтар барысында қызметкерлердің дене шынықтыру даярлықтары, жауынгерлік күрес тәсілдері, Макаров тапаншасынан ату шеберлігі сынға түсіп, нормативтік-құқықтық актілер мен заңнама талаптары бойынша тестілеу қабылдануда.

Сынақтың алғашқы күндерінде қызметкерлер жақсы көрсеткіштер көрсетуде. Сынақ қорытындысы бойынша қызметкерлерге біліктілік сыныптарын алу, беру немесе төмендету бойынша шешімдер комиссия құрамының талқысына ұсынылады.