Жомарт жан есептегі азаматшаға көмек көрсетті

Жомарт жан есептегі азаматшаға көмек көрсетті

23.10.2020 Выкл. Автор mseditor

Өзге адамдарға қамқорлық танытып, көмек көрсету кез келген адамның қолынан келе бермейтін іс.

Дегенмен қоғамға қайырымдылық жасауды өмір салтына айналдырған адамдар да жоқ емес.  Міне осындай қайырымды азамат жеке кәсіпкер қалалық пробация есебінде тұратын Ш есімді азаматшаға көмек қолын созды. Қалалық пробация қызметкерлері әділет кіші лейтенанты Т.Қабылов пен әділет аға лейтенанты Ү.Жұмаділла тұрмыс жағдайы төмен, көпбалалы отбасыға әлеуметтік- құқықтық көмек көрсету үшін жеке кәсіпкерден көмек сұраған.

Атымтай жомарт жан пробация есебіндегі азаматшаның жағдайын көріп, азық- түлікпен қоса үйінің ескі терезелерін жаңартып берді. Күн салқындап, балаларының бүрсең қағып отырғанын байқаған Нұрбек мырза дереу жылу жүйесін де қолға алып, қажетті заттармен қамтамасыз етіп, жылу жүйесін де іске қостыртып берді. Бүрсең қағып жылуы жоқ аядай бөлмеде отырған отбасының балалары енді алаңсыз жылы үйде асыр салып ойнап жүр.

«Өзім үйдемін, балаларға қарап отырмын. Жолдасымның тұрақты жұмысы да жоқ. 2020 жылдың ақпан айынан пробация есебінде тұрамын.  Тұрмыс жағдайымды зерделеп, әлеуметтік көмек көрсеткен қалалық пробация қызметінің басшылығы мен қайырымды жан Нұрбек мырзаға алғысымды айтамын»,

– деді есептегі азаматша .

«Қазақстан Респубикасы Үкіметінің 23.10.2014 жылғы №1131 қаулысы негізінде, есептегі сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмектер көрсетіледі. Бүгін жеке кәсіпкердің көмегімен әлеуметтік жағдайы қиын көпбалалы отбасыға азық- түлік жеткізіп, ескі терезелерін жаңартып, жылу жүйесін іске қосып бердік.  Игі шараны алдағы уақытта та жалғастырамыз»,

– деді пробация қызметінің аға инспекторы әділет аға лейтенанты Ү.Жұмаділла.