Жоғалған баланы полицейлер тауып, отбасына қайтарды

Жоғалған баланы полицейлер тауып, отбасына қайтарды

04.08.2020 0 Автор mseditor

Дайджест КазахстанШымкентте жоғалған баланы шұғыл іздестіру нәтижесінде аман-есен табылды, – деп ДАЙДЖЕСТ КАЗАХСТАН және Polisia.kz.

2020 жылдың 4 тамыз күні сағат 00:16 шамасында “102” пультіне Шымкент қаласының тұрғыны өзінің ұлының белгісіз бағытқа шығып кеткені туралы хабарлаған. Жедел іздестіру шарасы барысында Шымкент қаласы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасына бағынысты Патрульдік полиция полкінің 8-рота қызметі аға инспекторлары М.Муратов, Б.Байбатшаев және Н.Ағабек адасып жүрген баланы байқаған. Шапшаң іс-әрекет нәтижесінде полицейлер баланы тауып, анасына аман-есен табыстады. Ата-аналар мен ересектердің балаларды назардан тыс қалдыруының салдары оқыс оқиғалармен аяқталуы мүмкін. Сондықтан құрметті қала тұрғындары балаларды қараусыз қалдырмауларыңызды сұраймыз.


Ақпарат көзі: Polisia.kz