Жеке кәсіпкерлермен кездесу өтті

Жеке кәсіпкерлермен кездесу өтті

30.10.2020 Выкл. Автор mseditor

Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 қауіпсіздігі аралас мекемеде жазасын өтеп жүрген азаматтарды жұмыспен қамту, жаңа жұмыс көздерін ашу мақсатында жеке кәсіпкерлермен кездесу өтті.

Департамент бастығының орынбасары әділет подполковнигі Жүніс Әбдіқайыровтың төрағалығымен жүргізілген кездесуге 5547 әскери бөлім командирінің орынбасары штаб бастығы Б.Кулибаев, облыстық прокуратурасының басқарма прокуроры Ф.Ұзақов, Кәсіпкерлер палатасының заң сұрақтары бойынша менеджер кеңесшісі Ш.Әбиев, РМК «Еңбек- Қызылорда» филиалының директоры Е,Садаев және мекемелерде сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының қызметкерлері, жеке кәсіпкерлер қатысты.

Кездесудің басты мақсаты- кәсіпкерлерді түзеу мекемесі аумағында жеке кәсібін ашуға шақырып, жазасын өтеушілерді жұмыспен қамту. Қазіргі таңда ЗК-169/5 мекемесінде орташа тізімдік саны 588 жұмысқа жарамды сотталған жазасын өтеуде. Оның  359 –ы  жұмыспен қамтылған. Мекемнің өндірістік аймағында 10 кәсіпкер жұмыс істейді.

Сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының бас маманы әділет подполковнигі Қ.Даутбаев жазасын өтеушілердің жұмыспен қамтылуы мен жеке кәсіпкерлердің шығарған өнімдері туралы баяндады. Мекеменің өндіріс аймағында өндірілетін тігін цехы, газоблок, пескаблок, кірпіш цехы, қолөнер бұйымдары, ағаш өнімдерімен таныстырып шықты. Мекеменің өндірістік  аймағында сотталғандарды келісім шарт негізінде жұмыспен қамтыған ЖШС «Ержас-2013»  күніне 300 дана газоблок өнімдерін шығарып жатыр. Сонымен қоса мекемедегі  әк цехы, тігін цехы, кол өнер бұйымдарын шығаратын цехта сотталғандар жұмыспен қамтылған.

Кездесу барысында әділет подполковнигі Ж.Әбдіқайыров «Еңбек -Қызылорда» филалының директоры Е.Садабаевқа «Еңбек -Қызылорда» теңгеріміндегі бос ғимараттарды жеке кәсіпкерлерге жеңілдік шарттарымен ұсынып, жаңа жұмыс көздерін ашуға тапсырма берді.

«Еңбек- бас бостандығынан айырылғандарды тәрбиелеудің, қоғамға әлеуметтік бейімделуіне ықпал ететін маңызды әдіс. Сондықтан, жеке кәсіпкерлермен арнайы келісім шарт негізінде тығыз жұмыс атқарудамыз. Бүгін кәсіпкерлерді осы мекемеге шақыруымыздың себебі,оларды  өндірістік аймағындағы бос ғимараттарды өз көздерімен көріп, өз жобаларын  жүзеге асыруға көмектесу. Жазасын өтеушілер үшін де жұмыспен қамтылу өте маңызды. Білікті жұмыс күші де осы жерден табылады. Бұл ұсыныс әсіресе, ісін жаңа бастаймын деген кәсіпкерлерге тиімд.»

– деді департамент бастығының орынбасары.   

Кездесу соңында кәсіпкерлерге ҚАЖ мекемелерінде кәсіпкерлік субьектілермен өндіріс орындарын ашу бойынша жадныма таратылды.