Жеке кәсіпкерлермен кездесу өтті

Жеке кәсіпкерлермен кездесу өтті

11.01.2021 Выкл. Автор САҚШЫ INFO

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЗК-169/4 мекемесінде жазасын өтеп жүрген азаматтарды жұмыспен қамту, ақылы еңбек демалысына кестеге сәйкес жіберу , жаңа жұмыс көздерін ашу мақсатында жеке кәсіпкерлермен кездесу өтті.

Мекеме бастығы Руслан Алимовтың төрағалығымен жүргізілген кездесуге мекеменің сотталғандар еңбегін ұйымдастыру тобының қызметкерлері мен жеке кәсіпкерлер қатысты.

Кездесу барысында мекеме бастығы Руслан Алимов  сотталғандарға жұмыс беруші жеке кәсіпкерлерге сотталғандардың еңбек демалысына шығу кестесі заңға сәйкес бекітілуін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек күндерін есептеуге басты назару және оларды жұмыс обьектілеріне алып кетуі мен мекемеге белгіленген уақыттан кешіктірілмей жеткізілуін атап өтті. Сонымен қоса, жұмыспен қамтылған сотталғандардың  жұмыс пен мекеме арасында жол жүру сызбасының дайындалып, әр сотталғанға таныстырылғандығын, бір данасын сотталғандарға берілгендігін де айтты.

Келіссөз барысында жеке кәсіпкерлер жаңа жұмыс көздерін ашып, сотталғандарды жаңа жұмыс орындарына жұмыспен қамту мәселесін қарастыратындығын айтып өтті.