Жеке кәсіпкер пробация есебіндегі азаматтарға азық-түлік таратты

Жеке кәсіпкер пробация есебіндегі азаматтарға азық-түлік таратты

19.01.2021 Выкл. Автор mseditor

Бүгін Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Шиелі аудандық пробация есебіндегі азаматтарға жеке кәсіпкер азық-түлік таратты.

Есептегі екі азаматта тұрмыс жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларОларға бірінші кезекте қажетті ұн, қартоп, күріш, пияз және өзге де азық-түрлері таратылып берілді. Көмек алған есептегі азаматтар жомарт азаматтарға алғыс айтуда.

«Көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, жақсылық жасау – әрбір адамның борышы, яғни аз қамтылған және қамқорлыққа мұқтаж жандарға көмек ұсыну, сауабы мол іске атсалысу – әрбір адамның азаматтық парызы. Есептегі азаматтардан басқа да тұрмыс жағдайы төмен аудан тұрғындарына  қолымнан келгенше көмек көрсетемін»,

– деді жеке кәсіпкер.

«Жеке кәсіпкерлер тарапынан осындай  игі істер жиі ұйымдастырылып тұрады. Алдағы уақытта қайырымдылық шаралар жалғасын табатын болады»

– деді аудандық пробация қызметінің бастығы әділет майоры Қайрат Байгенжеев.