«Жедел әрекет ету тобы» өзінің тиімділігін көрсетіп,  жұмысын жалғастырып жатыр

«Жедел әрекет ету тобы» өзінің тиімділігін көрсетіп, жұмысын жалғастырып жатыр

16.01.2021 Выкл. Автор САҚШЫ INFO

Бірте-бірте осындай чаттар бүкіл Қазақстан аумағында көбейіп,  дамып жатыр. Тура осындай чат Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінде құрылып, оң нәтижесін беріп, тәжірибе тарату басталды.

«Жедел әрекет ету тобы» күннің уақытына және түрлі жағдайларға қарамастан өз жұмысын жалғастырып, тиімділігін көрсетуде.

Естеріңізге салсақ, Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Ералы Жұмаханбетовтың тапсырмасы бойынша WhatsApp желісінде Қазақстан Республикасы және Ішкі істер министрлігінің тарихында алғаш рет  «Жедел әрекет ету тобы» чаты құрылды. Шымкент қаласы Полиция департаментінің сауатты және кәсіби басшылығының арқасында тиімді жаңа жобалар Шымкент қаласында жиі пайда болып, республика бойынша таратылуда. Нәтижелері іс жүзінде айқындалып жатыр.

«Жедел әрекет ету тобы» чатының құрамында үй комитеттерінің өкілдері, қоғамдық белсенділер, белгілі адвокаттар, әкімдік және басқа да органдардың өкілдері, блогерлер және танымал республикалық БАҚ өкілдері бар.

Полиция қызметкерлерімен бірге азаматтар мен біздің қаламыздың қауіпсіздігі үшін қызметке кіретіндер:

1. Талғат Есімов – адвокат, «АДАЛ» адвокаттық кеңсесінің басшысы, Шымкент қалалық адвокаттар алқасының тәртіптік комиссиясының төрағасы.

2. Любовь Доброта – “Казахстанская правда” республикалық газетінің Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі.

3. Максим Сейтенов – “M-MEDIA GROUP” республикалық ақпараттық агенттігінің, “Дайджест Қазақстан” РАА және “САҚШЫ info” РАА-нің бас редакторы, директоры.

4. Әсет Ассанди – журналист, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті жанындағы арнайы мониторингтік топтың жетекшісі, блогер.

5. Анар Сүлеева – “Темірқазық-Ой” газетінің бас редакторы, блогер.

6. Катерина Попкова – Шымкент қаласы бойынша “Хабар24” телеарнасының меншікті тілшісі.

7. Жібек Жайлыбаева – “Уақыт талабы”  республикалық құқықтық газетінің бас редакторы.

8. Ақмарал Молдияровна – “Шымкент келбеті” қалалық газетінің тілшісі.

9. Шуддин Саидов – “Отырар” телеарнасының журналисті.

10. Марина Низовкина – “Atameken Business” республикалық телеарнасының Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі, «Vera.KZ» ақпараттық порталдың редакторы.

Аталған топтың мүшелерінің саны 50-ден астам, олар туған қаласының тағдырына бей-жай қарамайтын тұлғалар.

Сондай-ақ, аталған топта Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандары Полиция басқармасы басшыларының кадр жөніндегі орынбасарлары, Жедел басқару орталығының, Жергілікті полиция қызметінің, Патрульдік полиция полкінің және Полиция департаментінің Ішкі және сыртқы коммуникациялар басқармасының қызметкерлері бар.

Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі  Мұрат Алтаев және департаменті бастығының Кадр жөніндегі орынбасары полиция полковнигі Алмас Әмзеев чаттың жұмысына жетекшілік етеді.

Топ мүшелері өте белсенді. Олар полицейлерге қаладағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көмектеседі. Қала аумағында орын алған құқық бұзушылық жайттар бойынша фото немесе видеоға түсіріп, чатқа жібереді.

Полиция департаментінің қызметкерлері келіп түскен ақпаратты тексеріп, шұғыл тиісті шаралар қабылдайды.

Чат жұмыс  істегелі бері 2020 жылда фото, бейнежазба және жазбаша өтініштер жүзінде 2000-ға жуық хабарламалар келіп түсті.

Хабарламалардың басым бөлігі отбасылық, тұрмыстық, әкімшілік құқық бұзушылық, жол қозғалысы ережелерін бұзу, жаяу жүргіншілер жолағында автокөлікті заңсыз қою бойынша мәселелер. Сондай-ақ қылмыстың жолын кесуге және алдын алуға бағытталған өтініштер. Тез арада мәселелер шешімін табуда.

Чат полицияның оң имиджін қалыптастыруға ықпал етіп, Полиция департаменті қызметінің ашықтығын көрсетіп жатыр. Халыққа жағын болу мақсатында Шымкент қаласының Полиция департаменті осы бағыттағы жұмысты жалғастырады.

Біз сіздермен бірігіп, қаламызды таза әрі қауіпсіз етеміз!