Жедел алдын алу шарасы “Жедел әрекет ету”

Жедел алдын алу шарасы “Жедел әрекет ету”

23.11.2020 Выкл. Автор САҚШЫ INFO

Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Ералы Жумаханбетовтiң бастамасымен белілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды мониторингтеу және әлеуметтендіру жөнінде құрылған бастамашыл топтың мүшесі Максим Сейтенов 2020 жылы 23 қараша күні сағат 10:28-де Шымкент қаласы Полиция департаментінің “Жедел әрекет ету” чатына Тәуке хан даңғылы бойындағы “МЕГА” сауда-ойын сауық орталығының маңында бір азаматша жаяу жүргінші жолағында қайыршылықпен айналысып жатқаны бойынша ақпарат келіп түсті.

Өз кезегінде Әл-Фараби АПБ ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторлары аталған азаматшаны полицияға жеткізіп, осындай жағдайларды алдағы уақытта болдырмау мақсатында онымен профилактикалық сұқбат жүргізді. Қоғамдық орында қайыршылықпен айналысып жүргені үшін азаматшаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабымен әкімшілік хаттама толтырылды.