Жаза-тәрбие әдісі

Жаза-тәрбие әдісі

15.01.2021 Выкл. Автор САҚШЫ INFO

Жаза дегеніміз – соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы.

Жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамның да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсатында қолданылады. Жазалардың түрлерінің бірі – бас бостандығын шектеу жазасы. Бас бостандығын шектеу- соттың сотталған адамға оның бас бостандығын шектейтін белгілі бір міндеттерді жүктеуі.

Бас бостандығын шектеу қоғамнан оқшауламай бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімге мамандандырылған органның қадағалауымен оның тұрғылықты жері бойынша өтеледі. Шымкент қалалық пробация қызметі бөлімінің / Әл-Фараби ауданы бойынша ПҚ есебінде тұрған сотталған М.Б. Пробация қызметінің ықпалымен жұмыспен қамту орталғына жіберіліп, жолдама беріліп Шымкент қаласындағы “Шымкентмай АҚ” – на тұрақты жұмысқа орналастырылды.