Жасөспірімдермен жұмыс қарқынды атқарылуда

Жасөспірімдермен жұмыс қарқынды атқарылуда

12.10.2020 Выкл. Автор mseditor

Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету Полиция департаменті басшылығының қатаң бақылауында әрі үнемі басты назарында.

Жыл басынан «Жасөспірім», «Түнгі қаладағы балалар», «Қайыршы» жедел профилактикалық іс-шаралары өткізілді. Сонымен қатар әр аптаның жұма, сенбі және жексенбі күндері түнгі іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Төтенше жағдай режимі енгізілуіне және мектеп оқушыларының қашықтықтан оқуға көшуіне байланысты ювеналды полиция инспекторларының жұмысы тұрғындар арасында санитарлық нормалардың сақталуын қамтамасыз етуге және бұғаттау бекеттерінде қызмет атқаруға бағытталды.

Атқарылған іс-шаралар нәтижесінде, ағымдағы жылы түнгі сағат 22:00-ден кейін ойын-сауық орындарында болған 48 жасөспірім және түнгі сағат 23:00-ден кейін заңды өкілінсіз тұрғын үйден тыс жерлерде болған -2 541 жасөспірім анықталып,  олардың ата-аналарына Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 442-бабымен ескерту шаралары қолданылып,әкімшілік хаттамалар толтырылды. Қайталанған жағдайдың 16 жасөспірімнің ата-анасына Әкімшілік кодекстің 442-бабының 3-бөлігімен  айыппұл салынды. Ата-анасының бақылауынсыз жүрген 259 жасөспірім Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Сот шешімімен 1 жасөспірім Кентау қаласындағы арнайы мектепке жолданып, 2 ата-ана бала тәрбиелеу жөніндегі міндеттеріне немқұрайлы қарағаны үшін ата-аналық құқықтарынан айырылды.    

Құқық бұзушылыққа бейім 221 жасөспірім және кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу бойынша өз міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін 101 ата-ана Ішкі істер органының есебіне қойылып, олармен профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.  

    Жалпы жасөспірімдер арасында орын алатын қылмыстардың алдын алуда отбасы, мектеп және құқық қорғау өкілдерімен бірлесіп жүргізілген іс-шаралардың маңызды екенін атап өткім келеді. Яғни жанұя, мектеп, полиция бірлесіп жүйелі жұмыс атқарған кезде нәтижеге жеткізуге болады. Бүкіл әлемді әбігерге салған карантин жағдайында жасөспірімдердің уақытын тиімді өткізу мақсатында түрлі бағыттағы спорттық іс-шараларға қатысуға шақырғым келеді. Жастардың салауатты өмір салтын ұстанып, өсуі аса маңызды әрі ел болашағы саламатты ұрпақ қолында екенін жадымыздан шығармайық.

   Шымкент қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция подполковнигі Джумабеков Бауыржан Кеңесбаевич.