Жас сарбаздар жауынгерлік қызметпен танысты

Жас сарбаздар жауынгерлік қызметпен танысты

21.01.2021 Выкл. Автор mseditor

Ағымдағы жылдың 15 қаңтар күні Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6699 әскери бөлімінің жас сарбаздары ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/3 мекемесінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында мекеме бастығы әділет полковнигі Тлеуберген Сакенович Конекбаев ең бірінші жас сарбаздарды Әскери ант қабылдау рәсімімен және Ұлттық ұланның құрылған күнімен құттықтап, әскери борыштарын атқаруға сәттілік тіледі.

«Біздің мекемемен 6699 әскери бөлімі бірнеше жылдар қатарынан күні бүгінге дейін бір бірімен тығыз қарым-қатынаста иық тіресіп қызмет атқарып келеді. Мекеме қызметкерлері мен бақылаушылар құрамының өздеріне сеніп тапсырылған міндеттерінің арқасында құқық бұзушылықтық оқиғалар орын алған жоқ»

– деді мекеме бастығы Тлеуберген Сакенович.

Кездесу аяқталған соң жас сарбаздар мекеме аумағымен, оныңатқаратын міндеттерімен және жауынгерлік қызмет барысымен таныстырылды. Сарбаздар үшін басты міндет – қырағылық. Ал қырағылық сарбаздың басты қаруы. Біз, жас сарбаздардың жауынгерлік қызметке түсуге дайын екендігіне сенім артамыз.