Жүректен жүрекке

Жүректен жүрекке

25.09.2020 0 Автор mseditor

Қайырылымдық акциясының аясында 2020 жылдың 25 қыркүйек күні, «Жүректен жүрекке!» ұранымен өткізу мақсатында, Шымкент қаласы бойынша ҚАЖД-нің ИЧ-167/4 мекемесінің қызметкерлері ерікті түрде жиналған қаражатты Шымкент қаласы Қайтпас – 2 шағын ауданы, Карьерная көшесі 56 үй тұрғындары Ашировтар отбасына Планшет LENOVO TabV7 және азық-түлікпен көмек көрсетілді. Н.А.Аширов пен М.А.Есенкелдиева үш қыз, екі ұл сүйіп, тұрмыс тіршілігін құруда. Балаларының төртеуі мектепте оқиды, ал біреуі бала бақшаға барады екен.