Заңсыз сақталған атыс қаруын сатып алу акциясы  онлайн форматта өткізілуде

Заңсыз сақталған атыс қаруын сатып алу акциясы онлайн форматта өткізілуде

01.07.2020 0 Автор mseditor

DIGEST KAZAKHSTANШымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап қала аумағында халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша жыл сайынғы акциясын өткізуде, деп ДАЙДЖЕСТ КАЗАХСТАН.

Қару-жарақ заттарын ерікті түрде тапсырғаны үшін қарудың әр бірлігіне оның техникалық жай-күйіне байланысты комиссия шешіміне сәйкес сомасы оннан жүзге дейінгі айлық есептік көрсеткіш төлем көзделген.

Сыйақы төлемі қару-жарақ заттарын тапсырған азаматтардың шотына аудару арқылы жүзеге асырылатын болады.

Ерікті түрде тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершікке тартылудан босатылады.

Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалдың күрделенуін ескере отырып, қолда бар қару-жарақ заттарын тапсыруға ниет білдіргендер полиция органдарына бармай-ақ, 97-63-73 немесе 102 номеріне хабарласса, жеткілікті.

Өтініштерді және халықта заңсыз сақталған қару-жарақ заттарын қабылдауды орындарға шыға отыра, департаменттің қызметкерлері жүзеге асыратын болады.

Жарылғыш материалдар мен оқ-дәрілерді тауып алған жағдайда олармен қандай да бір іс-әрекет жасамай, тек полиция бөлімшесінің көрсетілген телефон нөмірлеріне хабарлау қажет.

Аталған акция еліміздің барлық аймағында өткізілуде.


Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

 

Акция по выкупу незаконно хранящегося оружия проводится в онлайн формате

Сотрудники Департамента полиции города Шымкент с 1 июля 2020 года проводят ежегодную акцию по выкупу у населения незаконно хранящегося огнестрельного оружия, боеприпасов и взрывчатых веществ, сообщает ДАЙДЖЕСТ КАЗАХСТАН.

За добровольную сдачу предметов вооружения предусматривается выплата в сумме от 10 до 100 МРП за каждую единицу оружия, в зависимости от его технического состояния, согласно решению комиссии.

Выплата вознаграждения будет осуществляться путем перечисления на представленные счета граждан, сдавших предметы вооружения.

Граждане, добровольно сдавшие незарегистрированное огнестрельное оружие, боеприпасы и взрывчатые вещества освобождаются от уголовной и административной ответственности.

С учетом сложившейся эпидемиологической ситуации в стране, изъявившим желание сдать имеющиеся предметы вооружения достаточно сообщить по телефонам 97-63-73 , либо на номер 102, без посещения органа полиции.

Прием заявления и предметов вооружения, хранящихся у граждан, будут осуществлять сотрудники департамента с выездом на место.

В случае обнаружения взрывчатых материалов и боеприпасов, важно не пытаться производить с ними какие-либо действия, а сообщить в полицию по вышеуказанным телефонам.

Данная акция проводится во всех регионах страны.


Пресс-служба Департамента полиции