Қызылордада түзеу мекемесінде жазасын өтеуші сотталғанның отбасына қайырымдылық көмек көрсетілді

Қызылордада түзеу мекемесінде жазасын өтеуші сотталғанның отбасына қайырымдылық көмек көрсетілді

26.01.2021 Выкл. Автор mseditor

ЗК-169/5 мекемесі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен және Қылмыстық-атқару жүйесі саласының ардагері Қойшықараев Өтегеннің қатысуымен түзеу мекемесінде жазасын өтеуші сотталған азаматтың отбасына қайырымдылық көмек көрсетілді.

Азаматша М. отбасының жалғыз асыраушысы, кәмелетке толмаған ұлын өзі жеткізіп отырған жазғызбасты ана, ІІІ топ мүгедегі. Тағдыр тауқыметіне ұшырып, отағасынан ерте айырылған. Содан бері мүгедектікке берілетін азын-аулақ жәрдемақыға күнелтіп, аядай ғана пәтерде паналап отыр.

Мекемеде жазасын өтеп жатқан әр сотталғанның әлеуметтік-тұрмыстық жағдайынан хабардармекеме әкімшілігі осы отбасының жағдайын естіп, азық-түліктей көмек көрсетуді жөн деп тапты.

«Қазақ халқы жетімін жылатпай, жесірін қанғытпаған ел емес пе?! Осы қанымызға сіңген дәстүрімізді жалғастырып, біздің мекемедежазасын өтеуші сотталғанның отбасына азық-түлік түрінде көмек көрсетіп жатырмыз. Бұндай іс-шаралар мекеме қызметкерлерінің ұйымдастыруымен жүйелі түрде өткізілетін болады»

деді ЗК-169/5 мекемесі бастығының орынбасары әділет майоры Ж.Есмаханов.