Қызылордада есептегі  азаматтар арасында шағын футболдан жарыс өтті

Қызылордада есептегі азаматтар арасында шағын футболдан жарыс өтті

02.11.2020 Выкл. Автор САҚШЫ INFO

Қызылорда қалалық пробация қызметі мен Жастар ресурстық орталығының ұйымдастырумен есептегі азаматтардың қатысуымен футболданжарыс өтті.

Жарысты Жастар ресустық орталығының директоры Бауыржан Қайырбекұлы ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Турнирге 4 команда қатысып, өзара кім мықтыны анықтады. Турнир барысында командалар 20 минуттан 2 тайм өткізді. Қатысушы командалар намысты қолдан бермеуге тырысып бақты. Жарыс қорытындысымен Досбол командасы І орын алса, ІІ , ІІІ орынды Қыран мен Рибок командасы бөлісті. Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.  

«Қалалық пробация қызметі мен Жастар ресустық орталығы арасында жастармен жүйелі жұмыстар жүргізу, психологиялық кеңес беру, жастарға ой салу және жасаған қылмысты қайталамауына септігін тигізу мақсатында ынтымақтастық меморандумы бар.  Осы меморандум аясында пробация есебінде тұрған азаматтарды спорттық шараларға тартып, психологиялық көмек көрсетіп, жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастырып жатырмыз»

– деді қалалық пробация қызметі бастығының орынбасары әділет майоры Д.Балғабаев.

Спорттық шараларға жиі қатысатын, команда сапында жақсы ойын көрсеткен,  пробация есебіндегі А есімді азамат, өзінің дұрыс жолға түсуіне әлеуметтік көмек көрсеткені үшін пробация инспекторларына  алғысын айтты.