Қызылордада есептегі азамат сантехникалық қызмет көрсететін жеке кәсібін ашты

Қызылордада есептегі азамат сантехникалық қызмет көрсететін жеке кәсібін ашты

08.10.2020 Выкл. Автор mseditor

Қызылорда қалалық пробация есебінде тұратын Жұбаниязов  Айдарбек  пробация инспекторы әділет аға лейтенанты Е.Мардихановқа алғысын айтты.

Жастықпен өмірде шалыс басқан Айдарбек 2016 жылдан бері бас бостандығын шектеу жазасымен пробация есебіне алынады. Пробация қызметінің инспекторлары пробация есебінде тұрғандарға  құқықтық- әлеуметтік  көмектер көрсетіп,әр түрлі жағдайларға байланысты кеңестер беріп отырады.

Аймақтық пробация инспекторы әділет аға лейтенанты  Е.Мардиханов Айдарбектің жеке кәсібін ашуына жөн көрсетіп, түсіндірме жұмысын жүргізеді. Соның нәтижесінде, бүгінде Айдарбек «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының «Бастау Бизнес» жобасы бойынша бір айлық «кәсіпкерлік негіздері» курсын аяқтап, сертификат алды.

Сонымен қоса,бұл азамат  жаңадан бастаған кәсіпті қолдау  мақсатында мемлекет тарапынан «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында  555 600  теңге қайтарымсыз грант ұтып алды.Осылайша ол қайтарымсыз қаражатқа қол жеткізіп, қазіргі уақытта Сантехникалық қызмет көрсететін орталық ашты.

«Жұмыссыз болуыма байланысты пробация инспекторы әділет аға лейтенанты Е.Мардиханов өз кәсібімді ашуыма әлеуметтік- құқықтық көмек көрсетіп, іс-құжаттарымды тиісті органға жолдап, жөн көрсетті.Қазіргі таңда осы кәсібіммен отбасымды, ата-анамды адал жолмен асырап отырмын. Өз қателігімнен сабақ алып, өмірге деген оң көзқарасымды өзгертуге себепші болған, бағыт- бағдар берген, пробация инспекторы әділет аға лейтенанты Е.Мардихановқа алғысымды білдіремін»,

-деді есептегі азамат.