Қызылордада ҚАЖ қызметкерлерінің  балалары арасында сайыс өтті

Қызылордада ҚАЖ қызметкерлерінің балалары арасында сайыс өтті

15.12.2020 Выкл. Автор mseditor

Бүгін 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ұйымдастыруымен қызметкерлердің балалары арасында «Тәуелсіздік-тұғырым» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті.

Сайысқа 5-10 жас аралығындағы 10 бүлдіршін қатысты. Бүлдіршіндер Тәуелсіздік тақырыбындағы ақын өлеңдерін мәнерлеп, нақышына келтіре орындады. Балалардың өнерін ҚАЖ департаменті қызметкерлерінен құралған қазылар алқасы бағалады.

Сайыс қорытындысымен І орынды 5 жастағы Бағдат Абдухат, ІІ орынды Нұртас Дулат Алматұлы, ІІІ орынды Нұрай Нұржанқызы иеленді. Жақсы өнер көрсеткен бүлдіршіндер Алғысхатпен марапатталып, сыйлықтар табысталды.