Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлері курсанттарға дәріс берді

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлері курсанттарға дәріс берді

21.12.2020 Выкл. Автор mseditor

ҚАЖ департаментінің режим және қадағалау тобының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі әділет подполковнигі Махашев Айбол Тимурұлы мен сотталғандар арасында әлеуметтік-психологиялық тәрбие жұмыстары бойынша тобының бас маманы әділет подполковнигі Сейдахметов Серік Асылбекұлы, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қостанай қаласындағы Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының курсанттарына «Zoom » платформасы арқылы  «Сотталғандарды камералық жағдайларда   ұсталу жағдайы» және «Қайта қылмысқа жол бермеу, оларды болдырмау және алдын алу» бойынша дәрістер өткізді.  

Нақтыласақ, екі сағатқа созылған дәрісте әділет подполковнигі А.Махашев  камералық жағдайларда ұсталатын сотталғандар тарапынан  жиі орын алатын құқық бұзушылықтар, яғни ішкі күн тәртібінде белгіленбеген уақытта төсек орнын пайдалануы, сотталғандар тарапынан құқық бұзушылық әрекеттерін жасыру мақсатында әрбір камераға орнатылған бейнебақылау камераларын істен шығару, сындыру, бұзу, бағытын басқа жаққа бұрып қою сынды әрекеттерге баратыны аталып өтті.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару Кодексінің 121 бабының талаптарына сәйкес Сотталғандар кезектілік тәртібімен жұмыстан бос уақытта ұзақтығы аптасына екі сағаттан аспайтын мекемені абаттандыру және онда тұру жағдайларын жақсарту жөніндегі жұмыстарға қатысудан бас тарту секілді тәртіп бұзушылықтар жиі кездеседі.

Бұған қосымша, әділет подполковнигі С.Сейдахметов камералық типтегі мекемедегі сотталғандардың ұсталу жағдайына тоқталып, олармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының маңыздылығын және психолог мамандармен теолог мамандардың еңбектерін атап өтті.  

Дәріс барысында курсанттар «Zoom » платформасы арқылы сұрақтарын қойып, мамандардан көкейіндегі сұрақтарға тұжырымды жауаптарын алды