Қылмыстық іздестіру қызметінің өкілдері марапатталды

Қылмыстық іздестіру қызметінің өкілдері марапатталды

05.10.2020 0 Автор mseditor

1918 жылы 5 қазанда РСФСР Халықтық Комиссариатының алқасы шешімімен Қылмыстық іздестіру қызметі құрылған. 5 қазан – Ішкі істер органдарының құрамындағы Қылмыстық іздестіру қызметі күні болып саналады.

САҚШЫ INFO

САҚШЫ INFO

Өзінің құрылу кезінен бастап криминалды полиция және басқа да жедел қызметтер болып өзгерген қылмыстық іздестіру құрылымының маңызы ерекше. Қауіп-қатермен байланысты қызмет батылдықты, ер жүректілікті, сабырлық пен төзімділікті, салқынқандылықты талап етеді. Төл мерекеге орай Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері арнайы марапатталды. «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» төсбелгісі 3 қызметкерге табысталды. Ал, ҚР ІІМ–нің Грамотмасы және Алғыс хаты 8 азаматқа берілсе, тағы 4 қызметкерге Алғыс жарияланды. Қылмыстық іздеу қызметі – жедел уәкілдер, тергеушілер, криминалистер, кинологтар, зертхана қызметкерлерінен құралған. Олар қылмыс жасап, із суытқандарды іздеумен айналысады. Сонйдай-ақ, аса ауыр қылмыстарды ашып, ұйымдасқан қылмыстық топтарды құрықтап, ескірткі бизнесімен күреседі. Қоғам тыныштығы жолында уақытпен санаспай қызмет етіп жүрген сала өкілдерін төл мерекемен құттықтаймыз!