Құқықтық тәртіп

Құқықтық тәртіп

20.03.2021 Выкл. Автор mseditor

“Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасының 6 күнінде 6226 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Қала аумағындағы көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, жолын кесу және тиісті құқықтық тәртіпті сақтау мақсатында Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері ағымдағы жылғы 12-18 наурыз аралығында “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.

Жедел алдын алу іс-шарасының 6 күнінде 6226 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде:

– Ұсақ бұзақылық (ҚР ӘҚБтК 434-бабы) бойынша -665;

– Тыныштықты бұзу (ҚР ӘҚБтК 437-бабы) бойынша -318;

– Қоғамдық орында мас күйде болу немесе спирттік ішімдік ішу (ҚР ӘҚБтК 440-бабы) бойынша -845;

– Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуы (ҚР ӘҚБтК 442-бабы) бойынша -672;

– ҚР аумағында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру (ҚР ӘҚБтК 492-бабы) -1920;

– Қауiпсiздiк белдiктерiмен жабдықталған көлiк құралдарымен жүру кезiнде қауiпсiздiк белдіктерiн пайдаланбау (ҚР ӘҚБтК 593-бабы) -599;

– Көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқару (ҚР ӘҚБтК 608-бабы) -15;

– Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы (ҚР ӘҚБтК-ның 615-бабы) бойынша -931 жайт; және өзге де құқықбұзушылықтар.

Сондай-ақ, іс-шара барысында тыйым салынған заттарды сақтау және алып жүрудің 25 фактісі анықталды. Оның ішінде: атыс қаруын алып жүру-1 жайт, суық қаруды алып жүру – 6, есірткі құралдарын сақтау-18 жайт.