Жедел-алдын алу шараларының нәтижесінде бұзушылықтар анықталды

Жедел-алдын алу шараларының нәтижесінде бұзушылықтар анықталды

01.08.2020 0 Автор mseditor
Дайджест Казахстан30.07.2020 жылы Еңбекші ауданы бойынша жүргізілген жедел профилактикалық іс-шаралар нәтижесінде Шымкент қаласы бойынша Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің №25,26,27,28,29 Қаулысы талаптарын сақтамай, 23.00- шамасында Шымкент қаласы 18 мөлтекауданы Т.Рысқұлов көшесі бойында орналасқан «THE GAME» ойынханасы жұмыс жасап жатқандығы анықталды, – деп ДАЙДЖЕСТ КАЗАХСТАН

Тексеру барысында ойынхана ішінде 11 келуші азаматтың болғаны анықталып, ойынхана иесіне қатысты заңды шара қолдану үшін Еңбекші ауданы тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасының қауіпсіздігін бақылау басқармасына және ойынхананың заңдылығын тексеру үшін Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне іс-құжаттар жолданды.

Дайджест Казахстан31.07.2020 жылы мобильді топпен жүргізілген профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы бойында орналасқан «Алаш» базарының аумағында орналасқан атауы жоқ ойынхана карантин режиміне қарамастан жұмыс жасап жатқандығы анықталды, – деп ДАЙДЖЕСТ КАЗАХСТАН
Аталған жайт бойынша ойынхана әкімшісінен түсініктеме алынды. Онда жеке кәсіпкер ғимарат ішінде қызметшілер мен күзетші болғанын көрсеткен. Дегенмен, жинақталған дәлелдемелерді басшылыққа ала отырып, ҚР ӘҚБтК-нің 425 бабы 1 бөлігімен тиісті шара қолдану үшін Шымкент қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасының қауіпсіздігін бақылау басқармасына іс-құжаттар жолданды