Тергеу мекемесінің бастығы азаматтарды онлайн қабылдады

Тергеу мекемесінің бастығы азаматтарды онлайн қабылдады

17.11.2020 Выкл. Автор САҚШЫ INFO

ЗК-169/1 мекемесінің бастығы, әділетподполковнигі Алмат Жұманұлы азаматтарды онлайн қабылдады.

Онлайн қабылдауда азаматтардан түскен өтініштердің басым көпшілігі қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзімді кездесулер жайлы, мекеменің шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталғандардың  еңбек жалақысы, мекеме қамауынан босап шыққаннан кейінгі жұмысқа орналасуға қатысты сауалдары болды.

Онлайн қабылдауда азаматтардың өтініштерін мұқият тыңдаған  мекеме бастығы, сұрақтарға нақты жауап берді.

Тікелей эфирде тағы бір азамат құқық қорғау саласына жұмысқа кіруге ниетін білдірсе, келесі азаматсотталған азаматтың  туысы мекеме асханасының ас мәзірі бойынша ас әзірлейтін асхана жұмыскерлеріне ризашылығын және жақсы лебіздерін білдірді.

Мекеме бастығы  Алмат Жұманұлы мекеменің бөлім басшыларына мекемеге келіп түскен әрбірөтінішті зерделеп, жан-жақты тексеріп, мерзімінде  жауап беруді тапсырды.