Тергеу изоляторының жедел бөлімі қызметкерлері заңсыз айналымынан атқыш қаруды тәркілеуіне ішкі істер органдарына көмек көрсетті

Тергеу изоляторының жедел бөлімі қызметкерлері заңсыз айналымынан атқыш қаруды тәркілеуіне ішкі істер органдарына көмек көрсетті

26.11.2020 Выкл. Автор mseditor

Шығыс Қазақстан облысы ҚАЖД ОВ-156/1 мекемесінің жедел бөлімімен ағымдағы жылдың басынан заңсыз айналымынан атқыш қаруларды тәркілеуіне төрт мәрте рет полиция қызметкерлеріне көмек көрсеткен.

Алайда, қылмыстарды ашу және алдын алуға бағытталған «Қару» жедел-профилактикалық іс-шараларын жүргізу уақытында тергеу изоляторында қамауда отырған «Ш» азаматтан, бұрын бостандықта бола отырып, заңсыз атқыш қару сақтаған және ол қару Риддер қаласындағы белгілі бір үйде жасырын түрде тығылғаны мүмкін деген ақпарат түскен.

Жасырын орны туралы нақты ақпарат пенитенциарлық жүйесінің жедел бөлімімен алынып өз-ара іс-қимыл шеңберінде ШҚО ПД Риддер қалалық ПБ жолданылған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында аталған «Ш» азамат көрсеткен үйден 16 калибрлі «ТОЗ» маркалы  Тула қару зауытында шығарылған аңшылық екі ұңғылы шолақ мылтығы тәркіленген.

Осы дерек СДБТР тіркеліп, ҚР ҚК 287 бабының 3 бөлігі бойынша қылмыстық ісі қозғалған (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру).
Және де атап айтуға болатыны, өз еркімен қаруды тапсыратын тұлғалар, әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен босатылады, – деді
ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/1 мекемесінің қызметкері Бакатбаев Мақсат.