Тергеу изоляторының қызметкерлері сәбилерге сыйлық тарту етті

Тергеу изоляторының қызметкерлері сәбилерге сыйлық тарту етті

11.12.2020 Выкл. Автор mseditor

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты  ЗК-169/1 мекемесі бастығының орынбасары, әділет майоры Қайрат Олжабаев «Сәбилер үйіне» барды.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай, мекеме ұжымының атынан балаларға сыйлықтар табыстады.

«Қазіргі таңда бұл мекемеде жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және ақыл-ойының дамуында ақаулықтар кездесетін 1-4 жас аралығындағы 60 бала тәрбиеленуде.  «Жерде бір бала қуанса, көкте мың періште шаттанады»

— дейді дана халқымыз.

«Мереке сайын сәбилерді қуантып, түрлі сыйлықтар тарту етесіздер. Мекеме ұжымына алғыстан басқа айтарымыз жоқ»,

– деді мекеменің ішкі аудит дәрігері Марат Қилыбайұлы.

«Мейірімге мұқтаж жандардың ішінен сәбилердің таңдадық. Олар біздің болашағымыз,тәуелсіз еліміздің тірегі болар ұландар.Болашағымыз жарқын болсын десек, оларды мейірімге бөлеп, қамқорлық танытып тұруымыз керек. Балаларға ақыл-ойын дамытатын құрастырғыш және алғаш қадам басқан бүлдіршіндерге жылдам жүруге арналған ойыншықтар тарту еттік. Әкелген сыйлықтарымыз бүлдіршіндердің көңіліне қуаныш сыйласа, мақсатқа қол жеткізгендігіміз деп білеміз»,

– дедіәділет майоры Қ. Олжабаев.