Тергеу изоляторы жас мамандармен толықты

Тергеу изоляторы жас мамандармен толықты

22.10.2020 Выкл. Автор САҚШЫ INFO

Қызылорда қаласындағы Тергеу изоляторы 19 жасмаманмен толықты.

Осыған орай, ұжымда мекеме басшылығы жас мамандармен кездесу  өткіздіМекеме бастығы, әділет подполковнигі  А. Ж.Тасқараев жасмамандарды құттықтап, олардың алдағы қиын да жауапты жұмыстарына сәттілік тіледі. Бұдан соң, мекеме бастығының  тәрбие  ісі жөніндегі орынбасары, әділет майоры Қ.Олжабаев жас мамандарға орташа қауіпсіздігі бар мекеме жұмысының қызмет барысындағы заңдылықтарын түсіндірді. Ал,осы мекемеде 2004 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан режим және күзет бөлімінің  бастығы, әділет капитаны М.Смағұлов көп жылдық тәжірибесімен бөлісті.

Сондай-ақ, мекеменің кадр саясат тобының  аға инспекторы әділет  аға лейтенанты М. Тұрымбетов пен  кәсіби қызметтік және денешынықтыру даярлығы  жөніндегі инспекторы, әділет аға лейтенанты Н.Кушеров жас мамандарға Әдеп кодексінің ережелерін мүлтіксіз сақтап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте барлық күш-жігерін қолданып, азаматтармен және әріптестерімен сөйлескенде әдептілік және биязылық танытып, адал, әділ болуы және көпшілік мақұлдаған адамгершілік–әдептілік ережелерін сақтауы керекігін баса айтты.

Құқық қорғау органына енді ғана қадам басқан жас мамандардың заңгерлік білімі бар. Құқық қорғау органының қызметкері болуды мақсат еткен Анель, таңдаған мамандығы асқан жауапкершілікті қажет ететінін жақсы түсінеді. Және абыройлы қызмет атқаруға тырысамын дейді.