Темір тордың ар жағындағы құрақ көрпе

Темір тордың ар жағындағы құрақ көрпе

03.09.2020 0 Автор mseditor

Шымкент қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты қауіпсіздігі барынша жоғары, қатаң режимдегі ИЧ 167/4 түзеу мекемесіндегі нәзік жандылар ұлттық өнерді дамытуға өз үлестерін қосуда.

 

Дайджест Казахстан

Дайджест Казахстан

Осындағы 67 әйел арнайы жабдықталған тігін шеберханасында қазақтың құрақ көрпесі мен түрлі нақыштағы ою-өрнекпен көмкерілген ұлттық киімдер және де қазіргі таңда көп қолданыстағы түрлі бұйымдарды,қыз жасауларын, бесік жабдықтарын өз қолдарымен жасап шығуда. Қапастағы қас шебердің қолынан шыққан қолөнер бұйымдары көптің назарына ілігіп, қазіргі таңда сатылымға шығуда.

 

Дайджест Казахстан

Дайджест Казахстан

Мысалы осында жазасын өтеуші 16 жылға бас бостандығынан айырылған Кисигова Гүлмираның қолынан шыққан кестелі бұйымдарына қарасаң көз тоймайды. Оның айтуынша мұндай тігін шебері болуды,бұрын соңды ойлапта көрмеген.Өзіне берілген жазаны өтеу үшін темір торға қамалған соң 10 айлық курсты оқып қазір соның жемісін көруде. Бұл жерде уақыт тектен-текке өтпейді білім алып, теолог мамандармен психолгтардыңда сабағына қатысамыз. Істі болған азаматшалардың басым бөлігі жаман әдеттерінен арылып, “қалған өмірімізді шындықпен, отбасында, ошақ қасында өткізгіміз келеді” дейді.

 

Дайджест Казахстан

Дайджест Казахстан

“Мен сотталған азаматша болсам да жүрегімгің төрінде қазақ екенімді мақтан тұтамын. Осында үйренген ісімнің шарапатын қалыпты өмірге қайта оралған соң көретініме кәміл сенімдімін”

-дейді Гүлмира Кисигова