ДТП в Таразе, есть жертвы, ведётся судебное разбирательство

ДТП в Таразе, есть жертвы, ведётся судебное разбирательство

09.10.2020 Выкл. Автор mseditor

Адвокат Мұрат Жолшиев «САҚШЫ INFO» ақпараттық порталының редакциясына біздің корреспонденттерді қызықтырған өте қызықты мәліметпен хабарласты.

26.11.2019-шы жылы  шамамен 04.00 сағатта «STALER» ЖШС-і – Күзет агентігінің қызметкері А.А.Әскербек ауыр халдегі алкогольдік мас халде , күзет агентігіне тиесілі  186 AN 08  Лада 2105-40 маркалы автокөлігімен, (автокөлікте осы күзет агентігінің автокөлік жүргізушісі  және алкогольдік мас халдегі екі қыз болған) Тараз қаласы Б.Момышұлы көшесімен қатты жылдамдықпен келіп,  Тауке хан көшесімен, Саңырақ батыр көшесінің қиылысындағы бағдаршамның қызыл түсіне өтіп, өз бағытымен келе жатқан  Пулатов Дилшодтың  басқаруындағы м.н. 818 LFA 08 «Опел Астра» маркалы авокөлігімен соқтығысқан.

Осы жол көлік оқиғасына сай, «Опел Астра автокөлігі ішіндегі жолаушылар  Инкар  Жакаева мен оның енесі 1952 ж.т. Т.Абдрахманова көптеген дене жарақттарын алып, ауруханаға түскен. 02.11.2019-шы жылы Т.Абдрахманова ауруханада қайтыс болды. Ал 03 қараша 2019-шы жылы 33 апталық жүкті И.Жакаеваның жамбас сүйегі 3-4 жерлерінен сынып, ішіне қатты зақым келгендіктен, дәрігер хирургтер И.Жакаеваның өмірін сақтап қалу мақсатында жүктілікті хирургиялық жолмен үзуге ұсыныс берген. Кесарево сечение операциясынан соң И.Жакаеваның баласы қайтыс болған.

Бір емес, екі адамның өмірін қиюға себеп болған жол көлік оқиғасына бір жылдай уақыт өтсе де, осы уақытқа дейін іс бойынша заңды  шешім қабылданбай ,  тек қана И.Жакаева орта дәрежелі дене жарақатын алған деген теріс қылықпен, яғни ҚР ҚК-нің 345-ші бабының 1-ші тармағымен 01 қазан 2020-шы жылы Тараз қалалық № 2-ші сотына жолданған.

Жәбірленушілердің айтуынша,олар бірнеше мәрте бұқаралық ақпарат құралдарына , оның ішінде Заң сөйлесін деген телехабарламаға шықса да, өздерінің жоғарыда таныстары бар «STALER» ЖШС-і – Күзет агентігінің бастығы  қылмыстық істі сотқа жолдатпай отыр деп септейді.

06 қазан 2020-шы жылы Жамбыл облысы Тараз қалалық № 2-ші сотының төрағасы Н.Жамашевтің жеке қабылддауында болдық.

07 қазан 2020-шы жылы  Тараз қалалық № 2-ші сотының судьясы Ж.Рамазанова атына И.Жакаеваға қайталама комиссиялық сот-дәрігерлік сараптамасын тағайындау жайлы 8 парақтағы өтінішхат жолдадық.

Бүін осы жол автокөлік оқиғасынан соң  жамбас сүйегі сынып ауруханада қайтыс болған Х.Абдрахманованың өлім себебі мен жарақаттарын анықтау мақсатында эксгумация жасап, қайталама комиссиялық сот-дәрігерлік сараптамасын тағайындау жайлы ҚР ҚПК-нің 99-шы бабы талаптарына сай өтінішхат дайындаудамын.

«Сізден осы апат туралы барлық шындықты ашу үшін, қылмыстық іс бойынша біздің талаптарымыз неге орындалмай жатқандығын анықтау үшін журналистік тергеу жүргізуіңізді сұраймын»

– адвокат бұқаралық ақпарат құралдарына жүгінді.

Мы будем следить за событиями этого дела и обязательно расскажем что же произошло на самом деле, кто прав, а кто виноват…