Тәуелсіздіктің төл құрдасы

Тәуелсіздіктің төл құрдасы

16.12.2020 Выкл. Автор mseditor

Қызылорда қаласындағы ЗК-169/4 мекемесінде Тәуелсіздіктің төл құрдастары антына адал  қызмет етуде.

Соның бірі әділет сержанты Манас Қазанғапов. Бала күнінен қаламы қолынан түспеген,  өлеңге жаны құмар Манас Тәуелсіздікке тарту жасады.

 

Тәуелсіздік – мәңгі мақтан ұраным

Мен өлеңмен ашайын сөздің басын,
Тәуелсіздік- мына менің құрдасым.
Жырламауға еш хақым жоқ бұл жайлы,
Мың тоғыз жүз тоқсан бірде туғанмын.

Тәуелсіздік- мәңгі мақсат ұраным,
Қазақ үшін қасиетті ұғамын.
Тиек етіп айтқан әрбір сөзіме,
Алашымның ардақ тұтам тұмарын.

1991-де дүние есігін ашқанмын,
Шуағына шомылумен ақ таңның.
Содан бері бақытты өмір көргенім,
Осыменен келіп отыр мақтанғым.

Менің елім батырға бай жан берер,
Салтанаты сәніне де сай келер.
Желтоқсанның құрбандарын еске алып,
Ұрпағына тарих қылып, үлгі етер.

Қасіреттің артқа тастап барлығын,
Артып келет күннен –күнге айбының.
Жылдан жылға өсіп келем мендағы,
Тыныш заман бақыт толы әр күнім.

Желбірет мәңгі көк аспанда туыңды,
Жетелеп алға жігерлі қыз-ұлыңды.
Тәуелсіздік тұрақтасын деп тілеймін,
Елін сүйген Тәуелсіздіктің құрдасы.