Тәртіп сақшыларына қарсылық көрсеткен карантин бұзушы ұсталды

Тәртіп сақшыларына қарсылық көрсеткен карантин бұзушы ұсталды

23.10.2020 Выкл. Автор mseditor

2020 жылдың 17 қазанында қаладағы карантин кезінде «Эви» кафесі сағат 23:00-ден соң жұмысын жалғастырып жатқанын байқаған Шымкент қаласы Еңбекші ауданы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы полиция майоры Біржан Сағынбаев және учаскелік полиция инспекторы Ж.Козыкеев мән-жайды анықтау үшін аталған кафеге кіріп, ішінде тек қана бір үстелде 6-7 келушілер отырғанын көреді.

Кафенін әкімшілігіне карантин ережесін бұзғандарын жеткізіп, тез арада жұмысын тоқтатуды талап етті. Алайда кафе әкімшілігі қаулыға сәйкес жұмысын тоқтатқанын айтып, бір үстелде отырған 6-7 келушілер мас халде отырғанын және талаптарын орындамай, кетпей жатқанын хабарлаған.
Өз кезегінде полиция майоры Біржан Сағынбаев аталған келушілердің алдына барып, карантин кезінде қалада кафелер сағат 23:00-ге дейін жұмыс істейтінін жеткізіп, кафеден шығуын сұраған.
Келушілер полиция қызметкерінің іс-әрекетіне наразылығын білдіріп, олардың біреуі полиция майоры Біржан Сағынбаевқа жұдырығымен соққы берген. Нәтижесінде полиция майоры Біржан Сағынбаев жауынгерлік тәсілдерді қолдана отырып, тәртіп бұзушыны ұстап, оның өзін және достарын полицияға жеткізді.
Полиция қызметкеріне қатысты күш қолданғаны үшін ҚР ҚК-нің 380-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.