Түрмеге тығып телефон өткізбек болды

Түрмеге тығып телефон өткізбек болды

28.09.2020 0 Автор mseditor

Шымкент қаласының тұрғыны түрмеге ұялы телефон алып кірмекші болды.

Азаматтың құйтырқы айласы тексеріс барысында әшкерленді. Тыйым салынған заттарды, атап айтқанда, ұялы телефонды, және SIM-картаны , жасырын түрде алып кіруді ойластырған.

Шымкент қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ИЧ-167/3 (орташа қауіпсіз) мекемесіне 24.09.2020 жылы сағат: 15-50 шамасында келіп түскен сәлемдемелерді тексеру кезінде, мекеме аумағына кіргізуге тыйым салынған “Jinga” маркалы қара түсті ұялы құрылғы мен актив сим-картасын қара пакетке жасырып, кіргізбекші болған.

Бұл заттарды Шымкент қаласының С.М есімді 1996 жылғы тұрғыны ,қамауда отырған “досына” жеткізбек болған. Ол өзінің түсініктемесінде кінәсін толық мойындады. Құқық бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзыушылық туралы кодексі бойынша хаттама толтырылды.