Түрмеге қайта оралмауы үшін…

Түрмеге қайта оралмауы үшін…

22.01.2021 Выкл. Автор САҚШЫ INFO

Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты КА-168/1 мекемесінің әкімшілігі бостандыққа шығып жатырған сотталған Б.ның түрмеге қайта оралмауы үшін әлеуметтік жағдайын жасап берді.

«Тонау» бабы бойынша жазасын өтеп шыққан сотталғанға қоғамға тез бейімделуі үшін жасалған қолдаулар “Қақпа алдында кездесу” жобасы аясында жүзеге асты.

“Қақпа алдындағы кездесугеарнайы шақырылған мамандардың әрқайсысы өз қызметтері тарапынан бостандыққа шыққалы отырған сотталғанға берілетін көмек түрлерімен таныстырып өтті. Мәселен, Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесінің бас маманы Гүлнәр Джубаниязова, сотталған Б.ға жергілікті жерде орналасқан екі ЖШСге жұмысшы ретінде жұмысқа орналасуға жолдама берді. Ақтөбе қаласының Алматы аудандық пробация қызметінің инспекторы әділет капитаны Руслан Кульмурзин болса, аталған пробация қызметіне есепке алынған күннен бастап, сотталған азаматтың жаза өтеу тәртібін түсіндірді. Ал, «Ауыр тұрмыстық жағдайдағы тұлғаларды қолдау әлеуметтік орталығы» КММ-нің мекеме бастығының орынбасары Жалын Молдагалиев, барар жері жоқ сотталғанды әлеуметтік орталыққа орналастыратынын айтты. Бұдан бөлек, ісшараға қатысқан барлық мамандар сотталған азаматқа кез келген көмек қажет болған жағдайда хабарласа алуы үшін байланыс телефондарын берді.

««Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасының  мақсаты- сотталғандарды бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейінгі алғашқы күндерінде қоғамда әлеуметтік бейімделуi үшін жағдайларды жасау. Осы тұрғыда, бостандыққа енді шыққан азаматқа әлеуметтік-психологиялық, тұрмыстық және жұмысқа орналастыру жөніндегі көмектерді көрсету, туыстық байланыстарын нығайту болып табыладыЖалпы, бостандыққа шыққалы отырған Сотталған Б. мекеменің шаруашылық жасағында жазасын өтеді. Ол жаза өтеу барысында оң мінездемемен көзге түскендіктен, сот оны мерзімінен бұрын босатты. Сотталған Б.ның қоғамға тез бейімделіп, бұдан былай қателікке бой алдырмайтынына сенім білдіреміз»,

дейді КА-168/1 мекемесінің арнайыконтингент арасында әлеуметтік– психологиялық тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы әділет аға лейтенанты Арман Панабек.

Түрмеден енді босай салысымен, әлеуметтік көмекке қол жеткізген сотталғанның КА-168/1 мекеме басшылығына алғысы шексіз:

«Біз секілді қамаудан енді босаған азаматтарға жағдай жасау мақсатында, осындай керемет кездесуді ұйымдастырған мекеме әкімшілігіне, мамандарға және пробация қызметкерлеріне алғысым шексіз. Бүгін «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасының маңыздылығына көз жеткізіп отырмын. Себебі, өзім туып өскен отбасым менен бас тартқандықтан, қазіргі уақытта барар жерім жоқ. Бүгінгі кездесудің арқасында бостандықтағы барлық мәселем қаралып, паналайтын орталыққа дейін дайындап берді. Ендігі алға қойған мақсатымжұмысқа орналасып, отбасын құру. Адал еңбегіммен отбасымды асырау»,

дейді бостандыққа шыққан сотталған Б.