Түрмедегі талант

Түрмедегі талант

20.08.2020 0 Автор mseditor
Дайджест Казахстан

Дайджест Казахстан

Шымкент қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ИЧ167/2 түзеу мекемесінде жазасын өтеушілер қолөнермен айналысуда.

Айыпты азаматтар жазаларын өтеп қана қоймай, айыбын қолдарынан шыққан сан түрлі қолөнер бұйымдарын жасау арқылы ел алдындағы азаматтық парызын өтеуге атсалысуда. Қазіргі таңда бұл түрмеде, толығымен жабдықталған шеберхана бар . Онда бесаспап талантты жандар күн сайын темірден түйін түйіп,ағаштан ою ойып, түрлі өрнекпен көмкерілген туындыларды жасап шығаруда. Қолөнер туындыларының ішінде үй жиһаздары мен басқада тұрмыстық дүниелерде кездеседі. Ұлттық өнерді жанына серік еткендерде жоқ емес. Мысалы сотталған азамат Сыдыков Нұрғалидың жасаған кәдесыйлары көптің көңілінен шығып жатады. Темір тордың ар жағында жасалған теңдессіз туындылар көлеңкеде қалып қоймасын деген мақсатпен арнайы көрмелер ұйымдастырылып тұрады. Нәтижесінде қызығушылық танытқан жандардың қарасы жыл сайын көбейіп келеді.