Түрмедегі наубайхана

Түрмедегі наубайхана

08.09.2020 0 Автор mseditor

Шымкент қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты орта және ауыр қылмыс жасаған сотталған азаматтар жазасын өтейтін ИЧ 167/3 мекемесінде наубайхана 16 жылдан бері жұмыс жасайды. Мұнда піскен нандарды қаладағы қалған 4 түзеу мекемесіне таратады.

” Еңбек-Шымкент ” филиалының 31-телім шебері Нұрсұлтан Сәдібек 7 жылдан бері сотталған азамматтармен жұмыс жасап келе жатқанын айтты.

 

Дайджест Казахстан

Дайджест Казахстан

«Сонымен қатар наубайханада 12 адам 2 ауысыммен жұмыс жасап,тәулігіне 5 мекемеге 2100 бөлке нан жеткізіп береміз. Айлық жалақы мөлшері 42 500 тг, оған қоса атқарылған жұмыстарына қарай тағы да үстеме ақша беріледі» ,

– дейді кәсіпкер.

Сотталғандардың барлығы жұмыс берушілермен келісім-шартқа отырған. Кейбірі тапқан пайдасын жақындарына жіберіп отырады.

ИЧ 167/3 мекемесінде ең жас жазасын өтеуші 19 жастағы Р.Қырықбай да қазіргі таңда наубайхана ісінің шебері болған. 7 жылға бас бостандығынан айырылған ол балалықпен қателікке ұрынғанын, соған орай сот үкімінің тағайындаған жазасын өтеп келе жатқанын айтты.

 

Дайджест Казахстан

Дайджест Казахстан

«Бұл мекеме маған өмірде қажет болатын көптеген дүниені үйретті деп нық сеніммен айта аламын. Бүгінгі күнде адал еңбегімнің арқасында нан жабудың қыр сырын біліп қалдым. Бір қап ұннан қанша нан алуға болатынын, және оған қосылатын қоспалардың мөлшерін ( су , ашытқы,тұз) деген сияқты.  Еңбегім де өтеусіз қалып жатқан жоқ. Айына 40000-45000тг арасында жалақы аламын. Осы наубайхананың арқасында ата-анама, үй ішіме көмектесемін, мекеменің дүкенінен өзіме қажетті заттарды да алып тұрамын. Мен осы наубайханада істеп жүрген ісімнің табысты әрі жемісті екенін түсіндім. Адамдар киім кимесе де, нан алады. Осы жерден айыбымды өтеп шыққан соң, уақытымды босқа өткізбей, қоғамға, қоршаған ортаға өз үлесімді қосқым келеді. Және де өзіме ” Еңбектің наны тәтті ” деген ұстанымды серік еттім»,

– дейді сотталған азамат.