Түркістан облысындағы пандемия жағдайындағы әскерге шақыру

Түркістан облысындағы пандемия жағдайындағы әскерге шақыру

30.06.2020 0 Автор mseditor

DIGEST KAZAKHSTAN

Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінде, көктемгі шақыру науқаны 2020 жылдың 12 ақпанында Қазақстан Республикасының Президенті «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығына сәйкес жүргізілуде, – деп ДАЙДЖЕСТ КАЗАХСТАН

Ағымдағы жылдың 30 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу мерзімдері маусым айынан тамыз айына дейін ұзартылды, өйткені еліміздегі енгізілген төтенше жағдайдың әрекеті кезеңінде әскерге шақыру және медициналық комиссиялардың жұмыстары тоқтатылды.

Әскерге шақырылушылар және Қарулы Күштерді жасақтауға тартылған лауазымды тұлғалар арасында коронавирустық инфекцияны енгізулін және таралуын ескерту, алдын алу шараларын күшейту мақсатында жиын пункттерінің кіреберіс жерлерінде медициналық посттар орналастырылды. Жас буынды салтанатты шығарып салу рәсімдері тоқтатылды. Облыстық медициналық комиссиялар құрамдарына дәрігер-инфекционисттер енгізілді.

Осыған орай шақырудың негізгі тапсырмасы әскерлерді дені сау және моральды даярланған жастармен жасақтау болып табылады.

2020 жылы Түркістан облысынан 4 мыңнан астам әскерге шақырылушыларды әскерге жіберу жоспарланды.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланды жасақтау жоспарлы түрде аяқталуда.

Әскерге шақырылушыларды іріктеудің айқындығы үшін, шақыру комиссиясы құрамына ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік, қоғамдық ұйымдар өкілдері, Қарулы Күштер, жергілікті соғыс ардагерлері және дін жүйесінің өкілдері кіреді. Аталған комиссияның қабылданған шешімінің негізінде біздің жастар әскерге жолданады.

Айта кетсек, шақыру кезінде азаматтар әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыруға және босатуға құқықтары бар. Мерзімін кейінге қалдыру келесі негіздер бойынша беріледі:

1) отбасы жағдайы бойынша;

2) білімін жалғастыру үшін;

3) денсаулық жағдайы бойынша;

4) басқа себептер бойынша, мысалы:

Маңызы аз емес жаңалықтың бірі мерзімін кейінге қалдыруға құқығы бар әскерге шақырылушылардың санаттары кеңейтілді. Атап айтқанда мерзімін кейінге қалдыру енді қосымша беріледі:

– оқытушыларға жұмысының барлық кезеңіне;

– құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында алғашқы дайындықтан өтіп жүрген тұлғаларға.

Әр әскер түрлерінде белгілі бір талаптар бар, сол талаптар бойынша әскерге шақырылушы қандай әскери бөлімдерде қызмет өткеретіні белгіленеді. Мысалыға: Қорғаныс министрлігі Ұлттық университетінің әскери-ғылыми взводын жасақтау үшін ІТ-мамандықтары, сонадай-ақ әскерге шақырылушының денсаулық жағдайы маңызды, ал десанттық әскерлері және арнайы тағайындалған әскерлер үшін бойының параметрлері 170 см төмен емес сияқты әскерге шақырылушының дене бітімдері маңызды, спортшыларға талдау беріледі.

Алайда осымен бірге Қарулы Күштері музыканттарға, аспазшыларға, жүргізушілерге, байланысшыларға және көптеген басқа мамандықтарға мұқтаж.

Әскерге шақырылғаннан және әскери бөлімдерге келгеннен кейін оларды екі апталық карантинге оқшаулай отырып жас буынға ПТР-зерттеу әдісімен COVID-19-ға зертханалық зерттеу жүргізіледі. Карантин кезінде жас буынға медициналық тексеру және әлеуметтік-психологиялық зерделеу, сондай-ақ бастапқы әскери дайындық жүргізіледі.

Әскерге шақырылғандардың бөлігі 6 ай ішінде мынадай әскери мамандықтар бойынша оқуды өтеді: БТР, БМП, танк мехник-жүргізушісі, артиллериялық және миноатқыш қаруларының командирлері және көздеушілері, инженерлік қамтамасыз ету мамандықтары, Қарулы Күштері оқу орталықтарында байланыс мамандары.

Оқу аяқталысымен олар мамандар ретінде әскери бөлімдерге жолданатын болады.

Бұдан басқа негізгі дағдылардың арасында әскер жас адамадарды тәртіпке, жауапкершілікке, өздігіне үйретеді және дене күшіне және шыдамдылыққа ие болады.

Әскерде берік достастық, бауырластық танылады, әскери қызметшілер топпен жұмыс жасағанды, оқу-жаттығулардағы қиын-қыстау жағдайларда тапсырмаларды орындауға, тез ойлануға және шешім қабылдауға үйренеді, олар әскери қару-жарақты қолдануда, күрделі әскери техниканы пайдалуда техникалық дағдыларға ие болады.

Қорғаныс министрлігінің басшылығы әскери қызметтің қауіпсіздігіне үлкен назар аударады. Ұдайы негізде Әскери прокуратурамен, сондай-ақ әскери полиция органдарымен бірлесе отырып әскери ұжымда салауатты ортаны орнату үшін жүйелі жұмыс жүргізуде.

Әскери бөлімнің әр бөлмесінде бейне бақылау жүргізілген. Әр әскери бөлімде гарнизон прокурорының және Әскери полиция жасағы бастығының сенім жәщіктері орналасқан, хат-хабарлар проблемалық мәселелер бойынша тездетіп шешімдер қабылдау үшін мекенжайларға түседі.

Казарманың әр жайғасу орындарында, штабта, асханада, БӨП, клубта барлық деңгейдегі басшылық құрамның, соның ішінде қызметтік телефоннан қоңырау шалу үшін қол жетімді сенім телефондары туралы ақпарат орналастырылған. Әскери қызметшілердің қызметтік әрекеттегі проблемалары туралы әр уақытта оларға қоңырау шалуға немесе СМС-хабарлама жолдауға мүмкіндіктері бар. Әр келіп түскен сигнал бойынша проблемалық мәселелерді тексеру және жою бойынша, сондай-ақ осындай оқиғаларды алдағы уақытта болдырмау үшін алдын алу бойынша қажетті жұмыс жүргізіледі.


Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы

полковник Нурмаханбет ДЮСЕБАЕВ