Тұрғын құрбысының телефонын жасырын түрде ұрлап кеткен

Тұрғын құрбысының телефонын жасырын түрде ұрлап кеткен

16.10.2020 Выкл. Автор mseditor

Ағымдағы жылдың 11 қазанында 1993 жылы туылған жергілікті тұрғын Отырар мөлтек ауданында тұратын құрбысының үйіне барып, асхана бөлмесінде ұйықтап жатқан кезінде құрбысының танысы «Samsung A40» маркалы телефонын жасырын түрде ұрлап кеткен.

Әл-Фараби АПБ жергілікті полиция қызметі бөліміне қарасты №25 учаскелік полиция пунктінің қызметкерлері жедел іс-шараларын жүргізу барысында күдіктіні анықтап, полицияға жеткізді. Ол 2001 жылы туылған жергілікті тұрғын екені анықталды.

Аталған факт бойынша 188-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Тергеу амалдары аяқталған соң түпкілікті процессуалды шешім қабылданады.