Тұрғылықты жері жоқ азамат әлеуметтік бейімдеу орталығына орналастырылды

Тұрғылықты жері жоқ азамат әлеуметтік бейімдеу орталығына орналастырылды

25.11.2020 Выкл. Автор mseditor

Тұрғылықты жері жоқ азамат әлеуметтік бейімдеу орталығына орналастырылды Авторы polisia.kz 25 Қараша 2020 ж., 11:01 жарияланған 2 Шымкент қаласында көшеде қайыр сұраумен айналысатын азамат әлеуметтік бейімдеу орталығына орналастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Ералы Жумаханбетовтiң бастамасымен белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды анықтау және қалыпты өмірге бейімдеу бойынша құрылған бастамашыл топтың мүшесі болып табылатын “M-Media Group” республикалық ақпарат агенттігінің директоры Максим Сейтеновтен 2020 жылы 24 қараша күні сағат 17:36-да Шымкент қаласы Полиция департаментінің “WhatsApp мессенджеріндегі “Жедел әрекет ету” чатына Ю.Гагарин көшесіндегі №124 үйдің маңында қайыр сұраумен айналысатын азаматтың жаяу жүргіншілер өткеліне жақын жерде полиэтилен клеенка жамылып, ұйықтап жатқаны туралы ақпарат келіп түскен. Бұл туралы ақпарат алған Абай АПБ ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторы Еркебұлан Алғабай өз кезегінде оқиға орнына жедел жетіп, аталған азаматқа медициналық көмек керектігін байқап, жедел жәрдем шақырған. Жедел жәрдем қызметкерлері мүгедек азаматты ауруханаға жеткізіп, алты сағат ішінде медициналық тексеруден өткізіп, оның қорытындысына сәйкес аталған азаматты түнгі сағат 00:20-да Шымкент қаласы әкімдігінің Өмірлік қиын жағдайға түскен адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығына жеткізді.