Тұйық шеңбер

Тұйық шеңбер

16.11.2020 Выкл. Автор САҚШЫ INFO

Адвокат Мұрат Жолшиев “Дайджест Казақстан” редакциясымен байланысқа шығып, өте ұзақ уақыт созылып келе жатқан және барлық процессуалдық нормаларды бұзған іс бойынша журналистік тергеу жүргізуді сұрады.

Осы оқиғаны түсінуге тырысайық және кімнің дұрыс, ал кімнің дұрыс емес екенін түсінейік.

Мұрат Жолшиев бұл іс бойынша барлық ақпаратты беріп, ҚР Президенті мен басқа да органдарға жеке өзі жүгінді.

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл Агенттігі Түркістан облысы бойынша Департаментінің Сайрам ауданаралық басқармасының (ары қарай Басқарма) аға тергеушісі Ә.Жаңбайүлы 14 маусым 2020-шы жылғы №205146131000039 санды қылмыстық ісі бойынша Ержан Жүнісовті ҚР ҚК-нің 366 бабының 2-ші тармағымен күдікті деп тану туралы қаулы қабылдаған.

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл Агенттігі Түркістан облысы бойынша Департаментінің тергеу басқармасының аға тергеушісі  Дархан Аманбайдың 19 маусым 2020-шы жылғы осы іс бойынша Ержан Жүнісовті қылмыстық құқық бұзушылық жасаған күдікті адам ретінде ұстау туралы хаттама түзген, Сайрам аудандық соты оны санкциялаған. Мен ҚР ҚПК-нің 105,107-шы бабтары талаптарымен ол қаулыларды Түркістан облыстық прокуророры мен сотына шағымдандым. Алайда Түркістан облыстық прокурорының  м.а. А.Пашаевтың қолымен біздің шағым қанағаттандырусыз қалдырылды деген 29.06.2020-шы жылғы жауап алдым. Алайда тіркемедегі 2 парақтық қаулысы келмеді. Бұл жауапты ҚР Бас прокуратурасына )Р )ПК-н34 105-ші бабы талабымен шағымдандым.

Бас прокуратурадан аталған шағымыма осы уақытқа дкйін нақты жауап ала алмадым.

Халық арасында «АНТИКОР бір қамаған адамды ешкім де шығара алмайды, себебі соттардың да арты таза емес. Олар АНТИКОРДЫҢ қылмыстық істерін ешбір дәлелсіз соттан өткізіп жібере береді»,- деген сөз жайдан жай айтылмаған.

Оған бір дәлел, ҚР Президентіні Қ.К.Тоқаевтың  08.07.2020-шы жылғы №367-ші қаулысымен Сайрам ауданлдық сотының бұрынғы төрағасы  Тыныбеков Берік Еркінбайұлы  Сот жюриінің шешімімен тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін судья қызметінен босатылған екен.(Антикор қызметкерлері жасырын түсірілімі негізінде).

Құрметті  ПРЕЗИДЕНТ мырза сот тәуелсіздіге  тек қағаз жүзінде ғана, оған өзім тікелей куәмін. Ешқандай да сотталған азаматты ұрмай соқпай, 2008-ші жылы ИЧ-167/2 мекемесінде бастықтың бірінші орынбасары болып  қызмет атқарып жүріп,  зона ішіне есірткі заттардың кіруіне қатаң тыйым салғаным үшін ғана, басшылар ұйымдастыруымен Қаржы полициясының ҚР ҚК-нің 308 бабымен айыптау қорытындысымен сотталып кеткенмін. Сол кезде мемлекеттік қорғаушым айтып еді, ФИНПОЛИЦИЯ істері ешқандайда бір дәлелсіз ақ, соттан өтіп кете береді, финполициядан соттар қорқады, кешірім сұра деп еді. Мен 16 жыл құқық қорғау органында, оның ішінде 10 жыл тергеуде, тергеу бөлімі бастығы болып жұмыс істеп жүріп, ақталамын деген үмітім орындалмады.

Алайда Е. Жүнісовтің ақталуы үшін  Сізден жәрдем болмаса , БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі  Комитетіне дейін шағымдануға ниеттіміз.

Менің қорғауымдағы Ержан Жүнісовті ҚР ҚК-нің 366-шы бабының  2-ші бөлігімен айыптауға  ешқандай да бір негіздер жоқ.

Біріншіден, ол ешқащан да арызданушы А.Жандыбаевадан ақша талап етпеген.

Оған дәлел  Басқарманың өздерінің 11-ші маусым 2020-шы жылы түсірген жасырын бейнетаспа түсрілімі. Онда Е.Жүнісов А.Жандыбаева 150 000 теңге ұсынған кезде, ешқандай да ақша керек емес, жауапкершілікті мойныма алмаймын, тек кассаға арендасын төлеп тұрсаңдар болды деген. Оған бізде куәлер де бар.

Бірақ Басқарма қызметкерлері Е.Жүнісов уәждерін тексермей, істі бір жақты, тек айыптау бағытында жүргізуде.

13.06.2020-шы жылғы түсірілімде де «Камшат» кафесі ішінде де А.Жандыбаева 150 000 теңге ұсынған кезде, жауапкершілікті мойнына алмайтындығы айтып қайтарып берген. Тек кафеден шығар кезде ғана А.Жандыбаева құжаттарды оқи тұрыңыз, мен дәретханаға шығып келемін деп шығып бара жатқан кезде, екі бүктелген құжат арасынан ақшаны алып,  құжаттарды оқып болған соң, ақшаны санап, құжаттар ішіне қойып А.Жандыбаеваның столының үстіне қойған. Осы кезде Басқарма қызметкерлері келген.

Бұл нағыз арандатушылық. Арнадатушылық жасағаны үшін тиісті жауапты тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту жайлы шағымдарды түрлі органдарға жолдадық. Арандатушылыққа басқа дәлелдеріміз де бар.Оны дәлелдеу тек уақыт еншісінде.

Осы жасырын түсірілімдер құпиясыздандырылса, оларды сот отырысына алдыртып қарауды сұрандық .Бірақ не аудандық не облыстық сот ол дәлелдемелерді сұраттырмады..

Екіншіден, 2-ші өтінішхаттың 5-ші талабының 6-шы тармақшасында «Күдікті Е. Жүнісовтің 87766260707  және  жәбірленуші А.Жандыбаевагың 87074102090 телефон номерлеріне 2020-шы жылдың 01-ші маусымынан бастап кіріс және шығыс қоңыраулары  (детализация) бойынша анықтама алып, іс материалдарына тіркеуді;»,- өтіндік. № 3-ші өтінішхатқа тіркелген Е.Жүнісов телефонынан алынған скриншотқа сай Е.Жүнісов тең 04.06.2020-шы жылы А.Жандыбаева номеріне 20 секундқа ғана хабарласқан, қалған   телефон звоноктардың барлығы да тек қана А.Жандыбаева тарапынан болған.

Үшіншіден,, мен  ҚР ҚПК-нің 99-шы бабының талаптарымен 21-жен аса өтінішхаттарды жолдадық.

Біз қойған талап-тілектердің тек жартысы орындалса да күдікті Е.Жүнісовтің ешқандай да қылмыс жасамағандығы дәлелденер еді.

Тергеушілер ең болмаса күдіктіні екінші арыз егесі Раушан Улановамен  беттестіру жауабын өткізбей отыр. Арызданушы Р.Уланованың  күдікті Е.Жүнісовпен беттесуде өтірігі ашылатын болған соң бізді онымен беттестірмей отыр.

Төртіншіден, Басқарма қызметкерлерінің күдікті Е.Жүнісовке арандатушылық жасап отырғандығының тағы бір қосымша дәлелі:

№ 3-ші Өтінішхаттың 11-ші бөліиінде былай көрсеткенбіз: ««Getcontact» қосымшасынан А.Жандыбаеваның 87074102090 санды телефон номерін тексергенімзде, телефон номері Акерк Акер деп жазылып тұрғандығы және А.Жандыбаеваны оның кейбір таныстары «АНТИКОРДЫҢ Жәлебі Акерке», «Акерке Жәлеп Антикор» деп сақтап қойғандығын білдік.

Сондықтан А.Жандыбаеваның жеке басын құжаттарды жинап, іс материалдарына тіркеу қажет, сонымен қатар оның Антикордың қандай қызметкерлерімен, қандай қарым қатынаста екендігін анықтау және сол антикор қызметкерлерін анықтап, олардын А.Жандыбаеваның  Е.Жүнісовке арыз жазу дерегі бойынша жауап алу қажет деп есептейміз.

«Getcontact» қосымшасы скирншотын іс материалдарына дәлелдеме ретінде тіркедік;»

Бесіншіден, Ержан Жүнісовті мемлекеттік қорғаушысы Н.Оразкулов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметкерлерімен бірлесіп, оны қорқытып, 16 маусым 2020-шы жылы жасамаған қылмысын мойындатып күдікті ретінде жауап алған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметкерлері «Жедел-iздестiру қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 15 қыркүйектегі №154-XIII Заңының 2 бабы  9-шы бөлімінің « Жасырын жедел-iздестiру шараларын ұйымдастыру және оларды жүргiзу тактикасы “Мемлекеттiк құпиялар туралы” Қазақстан Республикасының Заңы  негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн Құпияландыруға жататын мағлұматтар тiзбесiне сәйкес қызметтiк, әскери және мемлекеттiк құпияны құрауы мүмкiн»,-деген талаптарын бұзып, жасырын іздестіру шараларын жарияламай тұрып, оны адвокат Н.Оразкуловқа көрсеткен. Оны күдікті Е.Жүнісов айтып отыр.

  1. № 2-ші өтінішхаттан «Менің қорғауымдағы Е.Т.Жүнісовтің мүддесі үшін 15.06.2020 шы жылы жазылған № 1-ші өтінішхатымның қанағаттандырылған немесе қанағаттандырылмағандығы жайлы жауап беріп,  сұратылған құжаттар көшірмелерін беруді;
  2. Күдікті Е. Жүнісов алғашқы қорғаушы Найман қатысуында өзінен алынған жауаптардағы «бір мәрте 150 000 теңге ақша сұрап едім»,- деген жауаптарынан бас тартады. Себебі Е.Жүнісов А.Жандыбаевадан ешқандай да ақша сұрамаған. Тергеуші ол жауаптарды оқып берген соң Е.Жүнісов қорғаушысы Найман мен тергеушіге «Мен ешқандай да ақша сұраған жоқпын ғой, бұл дұрыс емес»,- деп айтқанда, қорғаушысы «Мен бастықтан  сенің ақша  сұраған, ақша санаған видеоларыңды көрдім, егер осылай жазбасаң, онда сені жібермейді»,- деп айтып, өз қорғаушысы өзіне қарсы әрекет жасап тұрғандықтан, амалсыздан қол қойғандығын көрсетіп отыр.»

16 маусым 2020-шы жылы мен Сайрам аудандық басқармаға барғанымда басқарма басшысы Ш.Талипов та мені өз телефонынан Е.Жүнісовке қатысты жасырын түсірілген  бейнежазбаларының үзінділерін өз телефонынан өз кабинетінен көрсетті.

Сондай қалайша бастық адам жасырын жедел-іздестіру түсірілімдерін құпиялықтан (легализация) жариялылықты жасамай жатып басқа адамдарға көрсетеді. Бұл туралы тиісті органдарға арыздар жолдадық.

Біздің және Е.Жүнісовтің анасы С.Мамырованың арызы бойынша Агенттіктен Өзіндік қауіпсіздік Департаментінен келген тергеуші  Қайрат Сейілханов мырза кеше  С.Мамырова телефон арқылы хабарласып, балаңыз өз жауабында тұр ма?,- деп хабарласыпты. Сонан мен  Қ.Сейілхановпен телефонмен хабарласқанымда, ол Сайрам аудандық басқармасына бара жатырмын, дыбыс-бейнежазбалармен танысып, хабарын айтамын деп еді.

Алайда, кешке хабарласып, дыбыс-бейнежазбалар сараптамада жатыр екен таныса алмадым деді.

Сонда Қ. Сейілханов мырза менің ШАҒЫМЫММЕН таныспаған ба?

Неліктен менің Шпекбаев мырза атына жазған шағымымның 5-ші бөлімімен таныспаған ба?

Мен ол шағымда: «басқарма басшысы Ш.Талипов та мені өз телефонынан Е.Жүнісовке қатысты жасырын түсірілген  бейнежазбаларының үзінділерін өз телефонынан өз кабинетінен көрсетті»,- деп жазып едім ғой. Неліктен менің уәждерімді тексермейді, Ш.Талипов мырзаның телефонын қарап шығуды жүргізбейді.

Алтыншыдан, күдікті Е.Жүнісовтің тұрғылықты мекен жайы, тұрақты жұмыс орны бар, жұмыс орнынан, көршілерінін, тұрғылықты жері бойынша  учаскелік полияи инспекторынан тек жақсы жағынан мінезделеді, ол барлық уақытта да тергеушінің шақыруы бойынша келіп жүрген.

18 маусым 2020-шы жылы  тергеуші Әділ Жаңабайұлы 9 сағат 30 минутқа шақырған. Айтқан уақытына бардық, алайда іс  тергеуші Дархан Аманбайда екен. Ол бізден жауап алмай, кешкі 18-ге шақырды. Мен жұмыс уақыты біткен соң және демалыс күндері келе алмайтындығымды айттым, Сонан ертесіне 09 сағатқа шақырды. 19.06,2020-шы жылы 8 сағат 55 минутта  басқармада болдық. Күдіктіден түске дейін қосымша жауап алып, түстен кейін 16 сағат 00 ге шақырды. Біз 30 минут күтіп тергеуші қабылдамаған соң вацап желісі арқылы  кететіндігімізді айтқан соң ғана бізді басқармаларына кіргізді. .

Шақыру қағаздарын, вацаптан скриншотты тіркедік.

Яғни күдікті Е.Жүнісовтіі ұстауға ешқандай да бір негіз, соның ішінде хаттамада көрсетілген  «Сотқа дейінгі тергеп-тексеруден және соттан жасырыну мүмкіндігі»,- болмаған және болмайды да, біз Е.Жүнісовтің анасы Мамырова Сарсенкүл Ондыбайқызының жалғыз баласына кепілдікке өзі тұрып отырған құны 9 722 665 теңгелік үйін қойған нотариалды келісімін қоса тіркедік.

Сіздерге рахмет.

Тек Сіздер араласқан соң ғана жазықсыз қамаудан отырған Е.Жүнісовті 40 күннен соң ғана қамаудан босатып, біздің кепілдікті қабылдады.

Жетіншіден,

– Неліктен Агенттіктің өкілі менің 21 маусым кунгі № 5-ші өтінішзхатымда көрсетілген 13 уәжді, оның ішінде

  • «Уланова Раушан Улановнаның Е.Жүнісов үстінен жазылған арызы көшірмесін беруді
  • Р.У.Уланова мен күдікті Е.Жүнісов арасында беттестіру жауабын алуды;
  • Уланова Раушан Улановна деген азаматшаның бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығы және қазіргі кезде іздеуде жүрген жүрмегендігі жайлы анықтама алып іс материалдарына тіркеуді;

СЕБЕБІ , мендегі бар мәліметтер бойынша арыз егесі Уланова Раушан ҚР ҚК-нің 190-шы бабы 3-і бөлігімен  арнайы іздеуде жүрген адам. Сонда АНТИКОР қызметкерлері қылмыскерлермен жең ұшынан байланыста ма?,- деген заңды сұрақ туынлдайды.

  • Егер Ақерке Жандывбаеваның және Раушан Улановалардың біз Теберік заттар сатумен айналысамыз, жеке кәсіпкерліктеріміз бар деген сөздерін растау үшін, қылмыстық іс материалдарына олардың жеке кәсіпкерлікпен айналысатын құжаттарын, жеке кәсіпкерлік куәліктерін тіркеуді;» ,деген уәждерімді тексермейді, болмаса тергеушіден маған сол талаптарға жауап беруімді талап етпейді.

СЕГІЗІНШІДЕН, 17 шілде 2020-шы жылы арыз иесі А.Жандыбаева Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл Агенттігінің өзіндік қауіпсіздің Департаментінің қызметкері Қ.Сейілхановқа түсініктеме беріп, ол түсініктемесінде өзінің ешқашан да саудамен айналыспағанын, тәспі сатпайтынын,өзін Сайрам аудандық басқармасының Мұрат есімді қызметкері Отырар ауданы Шәуілдір ауылына 06 маусым 2020 жылы өз автокөлігімен ертіп барып,  осылай деп айтасың деп айтқызып, диктофон беріп жібергенін, кейін 09 маусым 2020-шы жылы арыз жаздырғанын, алайда одан Е.Жүнісов ешқашан да ақша сұрамағандығын, арызды Мұрат есімді қызметкер айтуымен жазғандығын көрсетті. Сонымен қатар Раушан деген екінші  келіншекті танымайтындығын, оны да Мұрат таныстырғанын көрсетті, мұның бәрі де Ержан Жүнісовтің уәждері  шындыққа сай келетіндігін  білдіреді.

Тоғызыншыдан, біздің Сіздердің тараптарыңызға бірнеше мәрте ұжымдық арыздар жазған соң, біздің арыздарымызда көрсетілген уәждеріміз расталып, біздің ұжымдық арыздар бойынша Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл Агенттігі Агенттіктің Түркістан облысы бойынша Департаментінің Сайрам ауданаралық басқармасының қызметкерлері үстерінен ҚР ҚК-нің 417-ші бабының 2-ші және 361 баптарымен   200000131000075 санды қылмыстық іс қозғалды.

Оныншыдан, арыз иесі А.Жандыбаева  оны арыз жазуға Сайрам ауданаралық аймағы бойынша  басқармасының бастығы Шакир Талипов пен оның қызметкері Мұрат Жақсыбайдың арандатқандығын Түркістан облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі қызметкерлеріне де, Агенттіктің 1-ші Департаментінің АМІЖ аға тергеушісі Н.Қуатхановқа да дыбыс-бейнежазбаға түсіру барысында айтып берсе де, ол жауаптарын күдікті Е.Жүнісовпен болған және  Сайрам ауданаралық аймағы бойынша  басқармасының бастығы Шакир Талипов пен оның қызметкері Мұрат Жақсыбайлармен арада болған беттесу жауаптарында толығымен қуаттап берсе де, Сайрам ауданаралық аймағы бойынша  басқармасының бастығы Шакир Талипов пен оның қызметкері Мұрат Жақсыбайларға қатысты ешқанлдай да бір шара қолданбай, олардың үстерінен шешім қабылданбай отыр.

Он біріншіден, Агенттіктің 1-ші Департаментінің АМІЖ аға тергеушісі Н.Қуатханов менің 200000131000075 санды қылмыстық ісі бойынша 25-ші шілде 2020-шы жылы ҚР ҚПК-нің 99-шы бабының талаптарына сай берген 34 бөлімнен тұратын № 1-ші және сол күнгі № 2-ші өтінішхаттарыма осы уақытқа дейін жазбаша түрде жауап бермей отыр.

Менің осы өтінішхаттарымда көрсетілген талаптарымның тек жартысы орындалған күннің өзінде де, Сайрам ауданаралық аймағы бойынша  басқармасының бастығы Шакир Талипов пен оның қызметкері Мұрат Жақсыбайларға ҚР ҚК-нің 361,417 бабының 2-ші тармақтарымен айып тағуға толық негіздер жетеді деп есептейміз.

Он екіншіден, Е.Жүнісовтің анасы С.Мамырованың атына  29.07.2020-шы жылы Агенттіктің өзіндік қауіпсіздік Департаментінің басшысы М.Қарымсақовтың қолымен  «ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  агенттігімен Түркістан облысы Сайрам аймағы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ауданаралық басқармасы қызметкерлеріне қатысты жазған арызыңыз қаралып, арызда көрсетілген фактілер негізінде  ҚР ҚК-нің 361 бабының 1-ші бөлігі бойынша  лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану  фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп тергеу жүргізіліп жатхандығын хабарлаймыз»,- деген жауап келді.

Ал, 29.07.2020-шы жылы Мамырованың атына  Агенттіктің Түркістан облысы бойынша Департаментінің басшысы Х.Көшкалиевтің қолымен «Сіздің, ҚР СЖҚІҚ агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті Сайрам аймағы бойынша ауданаралық басқармасының қызметкерлеріне қатысты жазған арызыңыз бойынша қызметтік тексеру жүргізілді.

Оның қорытындысы бойынша басқарманың қызметкерлеріне қатысты ҚР ҚК-нің 417 бабы 2-ші бөлімімен (ПАРАҚОРЛЫҚҚА  АРАНДАТУШЫЛЫҚ) сотқа дейінгі тергеп басталғанын хабарлаймын»,-деген жауап келді.

Ал Агенттіктің АМІЖ аға тергеушісі Н.Қуатханов бізге қылмыстық іс қозғау жайлы қаулы көшірмесін бермеді.

ҚР ҚК-нің 417 бабы 2-ші бөлімімен (ПАРАҚОРЛЫҚҚА  АРАНДАТУШЫЛЫҚ) жаңа статья болғандықтан, ҚР Бас прокуратурасы істі 417-ші бабынан 361-ші бабына қайта дәрежеледі деп түсіндірді, бірақ қаулылар көшірмелерін бермеді.

Он үшіншіден, аға тергеушісі Н.Қуатханов менің қорғауымдағы Е.Жүнісовті  оның анасы С.Мамыровалардың арызы бойынша 23.07.2020-шы жылы қылмыстық іс қозғалғанымен, яғни қылмыстық істің қозғалғанына 2,5 ай уақыт өтсе де Е.Жүнісовті жәбірленуші ретінде танымақ түгілі, одан осы уақытқа дейін одан жауап та алмады.

Маған, Е.Жүнісов ол тергеп отырған Сайрам ауданаралық басқармасы қызметкерлері үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша тарап болып табылмайды деп ауызша түсіндіруде, бірақ жазбаша жауап бермеді.

Сонда Сайрам ауданаралық басқармасы қызметкерлері Е.Жүнісовтен басқа адамдарды да парақалолыққа арандатқан ба?

Он төртіншіден, Түркістан облысы бойынша Департаментінің Сайрам ауданаралық басқармасының қызметкерлері үстерінен ҚР ҚК-нің 417-ші бабының 2-ші және 361 баптарымен қозғалған № 200000131000075 санды қылмыстық ісі Е.Жүніосвтіің үстінен ҚР ҚК-нің 366 бабымен қозғалған қылмыстық ісіне қатысты қозғалғандығы және Е.Жүнісовтің, сонымен қатар арыздагушы А.Жандыбаеваның жауаптарымен, басқа да жинақталған іс материалдарымен Басқарма басшысы Ш.Талипов пен шұғыл уәкіл М.Жақсыбайлардың қылмыстық іс әрекетері толығымен дәлелденіп отырғандықтан, аталған азаматтарға айып тағып, олардың бас шараларын қамауға алуларыңызды өтінеміз.

Он бесіншіден, Е.Жүнісовке қатысты қылмыстық іс бойынша арызды қабылдап алған да, 13 маусым 2020-шы жылы Е.Жүнісов ақша сұрамаса да, оған А.Жандыбаеваға 150 000 теңге ақша ұсындырып  Отырар ауданына өз автокөлігімен алып барған да СЖҚІҚ агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің аға тергеушісі Д.Аманбай.

Сот техникалық сараптаманың қорытындысы бойынша Е.Жүнісовтің қолынан алынған үшгілерде А.Жандыбаева ұсынған ақшалардың іздері болмаса да, Е.Жүнісовті заңсыз қамағанын жасыру мақсатында, Е.Жүнісовке қатысты қылмыстық қудалауды қасақана қысқартпай отыр.

 

Құрметті Ғизат Дауренбекұлы !

Е. Жүнісовке қатысты қылмыстық істі  және Е. Жүнісовке қарсы ПАРАҚОРЛЫҚҚА АРАНДАТУШЫЛЫҚ жасаған Басқарма басшысы Ш.Талипов пен шұғыл уәкіл М.Жақсыбайлардың үстерінен ҚР ҚК-нің 417-ші бабымен қозғалған 200000131000075 санды қылмыстық істі  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінен алып, ҚР Бас прокуратурасының арнайы прокуратурасына алдыртуыңызды өтінемін.

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Сізге осы іс бойынша 5-ші мәрте арызданып, жауабын ала алмай отырмыз.

ҚР Конституциясының  40-шы бабына сай : ҚР Президенті –мемлекет басшысы,, мемлекеттік ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде жіне халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғарғы тұлға ретінде, ретінде,  адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының НЫШАНЫ ӘРІ   К Е П І Л І ,- ретінде арыз жазып үміттеніп отырмыз.

ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің Сайрам ауданаралық басқармасының басшысы Шакир Талипов пен қызметкері М.Жақсыбайұлдарына қарсы ПАРАҚОРЛЫҚҚА АРАНДАТУШЫЛЫҚ қылмысы тергелуін жеке қадағалауға алуларыңызды өтінемін.