СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

02.09.2020 0 Автор mseditor

Кемел келешекке бет түзіп, жаңа болашаққа нық қадам басқан егеменді еліміздің бүгінгі басты мәселесінің бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру..
Қоғамның жеті Құрты жемқорлықтың тамырына балта шабу бүгінгі күннің басты талабы. Өйткені, жаппай деңдеген жемқорлық ертеңге жалғасар болса елдің елдігіне, мемлекет тұтастығына қауіп төнері сөзсіз. Қоғамдық кеселмен қазір жан-жақты ымырасыз күрес жүріп жатыр. Алдағы уақытта жылдағы жоспарға сәйкес аталмыш тақырыптарда түрлі шаралар ұйымдастырылмақ. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты ақпарат беру және оны қоғамға насихаттау басты жоспарға алынбақ. Тақырып төңірегінде түрлі дәрістер, семинарлар өткізу, баяндама оқу күн тәртібіне енгізілмек. Осыған орай Қазақстан Республикасының Заңнамасында көрсетілгендей біз сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және оның мүлдем қоғамымызда туындамауына септесуіміз қажет,тиісті деңгейде жұмыс атқарылуын қадағалауымыз керек.  Сол жүргізіліп жатқан күрестің арқасында Шымкент қаласы бойынша ҚАЖД қарасты ИЧ-167/10 мекеме қызметкерлері арасында 2020 жылы жол берілмеуде.   Шымкент қаласы  ҚАЖД қарасты ИЧ-167/10 мекеме бастығының орынбасары әділет подполковнигі Б.Талипов