Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес біздің басты міндетіміз!

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес біздің басты міндетіміз!

27.10.2020 Выкл. Автор mseditor

Бүгінгі сыбайлас жемқорлықпен күрес Қазақстанның жедел дамуындағы маңызды факторға, біздің ұлттық бәсекеге қабілеттілігіміздің міндетті шартына айналып отыр.

Сыбайлас жемқорлық секілді дертпен мемлекет өз бетінше күресе алмайды. Әсіресе, жаһандану заманында сыбайлас жемқорлықтың шегі жоқ, ол бір елден екіншісіне оңай көшіп жүре береді. Онымен жұмыла күресу қажет. Бұл оңай іс емес. Өйткені дерттің тайыры жасыратыны жоқ тереңде жатыр. Күресу жолын айтпас бұрын, жалпы сыбайлас жемқорлық мағынасын ашу керек.

Сыбайлас жемқорлыққа тән белгі лауазымды адамның әрекеті мен оған жұмыс берушінің мүдделері арасындағы немесе таңдап алған тұлғаның әрекеті мен қоғам мүдделерінің арасындағы қайшылық болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа жетелейтін басты нәрсе –билік өкілеттігін пайдалана отырып, экономикалық пайда табу мүмкіндігі, ал басты қаупі – оны әшкерелеу мен жазалау.

Тарихта сыбайлас жемқорлықтың пайда болуымен күресудің көптеген әдістері қазіргі таңда кеңінен қарастырылған. Біріншіден, заңды қайтадан және оның орындауын қатаң қадағалау сол арқылы жазалау қаупін күшейту. Екіншіден, лауазымды адамдарға ережелер мен заңдарды бұзбай өздерінің кірістерін мүмкіндігін беретін экономикалық механизмдерді туғызу. Үшіншіден, нарықпен бәсекелестің көлін күшейту. Бұл бағыттағы жұмыс Елбасының қатаң бақылауына алынған, ол сыбайлас жемқорлықпен күресті жетілдіру.

Сыбайлас жемқорлықты елде орын алып отырған жалпы саяси, әлеуметтік және экономикалық проблемалардың сандары деуге болады. Ол, әдетте, қоғамның жаңару кезеңінде бой көтереді. Ал ондай кезеңді бастан кешіріп отырғанымыз рас.

Сыбайлас жемқорлықпен күрестің батыл шараларын қабылдамаса, оның криминалдық, экономикалық, әлеуметтік проблемадан саяси проблемаға айналып, мемлекеттің конституциялық негізінде қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан да Қазақстандықтардың өсіп –өркендеуі, қауіпсіздігі және тұрмыс жағдайының жақсарады деп  аталатын стратегиялық бағдарламасында  сыбайлас жемқорлыққа қарсы аяусыз күресті басты мақсаттар қатарына қойған, оны құқықтық мемлекет орнатудың шарты деп  санаған.

Сондықтан Президент еліміздің әлемнің бәсекеге ең қабілетті 30 елдің қатарына ену жолында жемқорлықпен күресті дәйекті түрде жүзеге асыруына баса назар аударып отыр.

Сыбайлас жемқорлық әдетте мемлекеттік қызметтің өте күрделі, ешкім түсіне бермейтін түрлеріде орын алады. Бұл қылмыс басқа салаларда тез таралады, тез дамып жетіледі.

Сыбайлас жемқорлықты болдырмау үшн алдын-ала мекеменің қызметкерлерінің алдында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес баршамызға ортақ іс» атты түрлі тақырыпта лекциялар оқылып сотталған азаматтармен күндіз түні етене жұмыс істейтін мекеме қызметкерлерінің де елеулі еңбегін жоққа шығармауымыз қажет. «Өз өзіңе берік бол,-көршіңді ұры тұтпа,»- демекші әлдебір көз қызығушылықпен, қу құлқының нәпақа табам деп жаман әрекетке бармау жұмысы толық күнделікті түсіндіріліп келуінің арқасында күні бүгінде мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті барынша күшейтудеміз.

ИЧ-167/10 мекеме бастығының орынбасары әділет майоры ​​​​​​Б.Тайлыбаев.