Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды

Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды

27.10.2020 Выкл. Автор mseditor

2020 жылдың 24 қазанында шамамен сағат 13:20-да Шымкент қаласы Орманов көшесінің бойындағы «Су қоймасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында қызмет атқаратын күзетшілері белгісіз азамат олардың тыныштығын бұзғаны бойынша полицейлерден көмек сұраған.

Өз кезегінде аталған хабарлама бойынша Әл-Фараби АПБ ЖҚПБ ППП-нің 7-рота қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, тәртіп бұзған азаматты сабырлыққа шақырды. Тексеру барысында күдіктінің сөмкесінен анықталған пышақ тәркіленіп алынды.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 287-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасып жатыр. Оның нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады.