Совет Одағының тұсында милиция атанған Қазақстан полициясының құрылғанына биыл 25 жыл толды

Совет Одағының тұсында милиция атанған Қазақстан полициясының құрылғанына биыл 25 жыл толды

10.11.2020 Выкл. Автор mseditor

Осы саланың аяққа тұрып, гүлденіп, дамуын көз алдарында өткерген ардагер қызметкер аталарымыздың жастарға көрсететін бағыт бағдарынның құны аса қымбат.

 

САҚШЫ info

САҚШЫ info

Ішкі істер органдарында 33 жылдан астам уақыттан бері қызмет етіп, қазіргі уақытта зейнеттегі ШҚО Жарма ауданы Жаңғызтөбе кентінің  учаскелік милиция майоры Зиябек Канапьяұлы Байнуркашев мырза, өмірлік тәжірибесі кемел жан.

“Жан жары Бәтима екеуі жеті бала тәрбиелеп, өсіріп жеткізді. Ол осы күнге дейін қаншама жасқа тәлімгер бола білді. Қазақ халқында «Әке көрген оқ жанар»- дегендей ұлы Нұрбол Зиябекұлы да әке жолын қуып 10 жыл бойы Жаңғызтөбе кентінің учаскелік инспекторы болды, қазіргі уақытта әскери полиция қызметінің басшысы қызметін атқарады.Тәртіп сақшысының бойында қандай қасиеттер болуы тиіс? деген сұраққа жауап іздедім”,

– дейді ШҚО бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары әділет полковнигі Ғалымжан Балтабаев.

 

САҚШЫ info

САҚШЫ info

“Совет Одағының тұсында милиция атанған Қазақстан полициясының құрылғанына да биыл 25 жыл толыпты,-деп бастады әңгімесін Зиябек Канапьяұлы, – біле білгенге бұл аз уақыт емес. Біздің елімізде әр адам өз құқықтары мен бостандықтарын ішкі істер органдары арқылы қорғауға құқылы. Кәсіптің жақсысы, жаманы болмайды. Полиция қызметкерінің жұмысын оңай деп ойлайтындар жаңылысады. Себебі, полиция қызметкерінің басты ұстанымы-өз ар –ожданының алдында таза болу,қандай қиындықтар, кедергілер болса да шыдау. Ал бұл –кез келгеннің қолынан келе бермейтін іс. Өмір деген қателесу мен қателігіңді түзеуден тұрады”,

– деді қарт ардагеріміз.

 

САҚШЫ info

САҚШЫ info


Тәртіп сақшысы болған Зиябек Канапьяұлының өткен жолдары қызығынан қиындығы мол екендігіне көз жеткіземіз. Халықпен тығыз байланыста болған ол күрделі қылмыстарды аша отырып ел алғысына бөленген азамат. Талай тентектерді тәубесіне түсірген, тұрғын халықтың тыныштығы үшін уақытпен санаспай қызмет атқарған еңбегі елеусіз қалған емес.

1986 жылы ССРО Ішкі істер Министрлігінің бұйрығымен « ССРО ІІМ үздік учаскелік инспекторы» атағы берілсе, 1988 жылы «ССРО ІІМ еңбегі сіңген учаскелік инспекторы», «Кеңес милициясына 50 жыл», «Еңбек ардагері» медальдары, «Милиция үздігі», «ІІМ үздік қызметі үшін» белгілерінің иегері, сонымен қатар 2000 жылы «Ғасырдың үздік адамы» атағы берілсе, 2003 жылы « Жарма ауданының құрметті азаматы» атағына ие болды. 2016 жылы ҚР Ұлттық Ұланының «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 6699 әскери бөлімі атқыштар батальоны «Бас тәлімгер» туралы арнайы сертификатты берді. Бұл дегеніміз Зиябек Канапьяұлының еңбегін әлі күнге бағаланып келе жатқанын дәлелдей түседі.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Адамдар полиция қызметкерлерін өздерінің қорғаушысы ретінде танып, өз қауіпсіздігін сезінулері тиіс» деген сөзі халық алдында адал қызмет етуге ант берген қатардағы әрбір тәртіп сақшысына үлкен жауапкершілік жүктейді. Өйткені, еліміз үшін адам өмірінің қауіпсіздігі қашанда басты назарда болғандықтан, қызметкерлердің басты міндеті-халық сенімін барынша ақтап, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау болып табылады.

 

САҚШЫ info

САҚШЫ info

Қашанда ел тыныштығын, бейбіт адамдар өмірін қорғау жолында ерлік көрсеткен тәртіп сақшылары да аз емес. Ел үшін жанын қиған азаматтар туралы айтуды өзіне парыз деп санайтын Зиябек Канапьянович олар жайында былай дейді:

     – Әрине, жас ұрпаққа бейбіт күннің батырларының қахармандық ерліктерін дәріптеп, олардың есімдерін ел есінде мәңгіге қалдыру-біздің парызымыз. Отанын сүйген адам ғана ел мүддесін бәрінен биік қоятыны баршамызға белгілі.

“Ширек ғасырлық даму даңғылынан өткен Қазақстан полициясының бүгінгі келбетіне байланысты ішкі істер органдарында 30 жылдан астам уақыттан бері қызмет еткен қазіргі зейнеткер майталман маман не дейді”,

– деді ардагеріміз.

 

САҚШЫ info

САҚШЫ info

“Өз тәжірибеме сүйеніп айтар болсам,тәуелсіздіктің алғашқы жылдарымен салыстырғанда, бүгінгі таңда жұртшылықтың полицияға деген сенімі өте жоғары. Бұл үшін еліміздегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтып,азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтағанымыз абзал. Полиция қызметкерінің міндеті- заңдылықтың сақталуын қадағалау,қылмыстың алдын алу.Тәртіп үшін заңнан мәртебелі ештеңе жоқ. Сондықтан, әр тәртіп сақшысының бойынан адалдық пен кәсібилікті күтемін”,

– деді ардагеріміз.

“Міне Жарма өңірінің нағыз аңыз адамы деуге болатын азаматтардың келбеті осындай”,

– деді әділет полковнигі Ғалымжан Балтабаев.