Сотталғандарды мекемеден босатуға арналған даярлық сабағы өтті

Сотталғандарды мекемеден босатуға арналған даярлық сабағы өтті

08.12.2020 Выкл. Автор mseditor

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты  ЗК-169/5 мекемесінде жазасын өтеуші сотталғандарды бостандыққа дайындау жұмыстары жүйелі жүргізілуде.

Сотталғандарды босатуға дайындық жұмысы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2014 жылғы 13тамыздағы №508 бұйрығымен бекітілген нұсқаулық талаптарына сәйкес  мекемеге келген  бірінші күннен бастап жүзеге асырылады. Бұл шараларды мекеме әкімшілігі, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып атқарады. Сотталғанды бостаңдықтағы өмірге дайындау, бұл олардың әлеуметтік байланыстарын (отбасымен) қалыптастыру, жұмысқа орналасу мәселелерін шешу, әлеуметтік ортада мінез дағдыларын қайта қалпына келтіру, психологиялық және медициналық көмек көрсету, бостандықта тұрақтайтын мекенжаймен қамтамасыз ету  болып табылады.

Осы мақсатта мекемеде пенитенциарлық есепте тұрған сотталғандар мен жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыру немесе шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың формальді мерзімі келген сотталғандарға мекемеден босатуға арналған даярлық сабағы өтті. Сотталғандармен кездесуге, Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығының өкілі және

қалалық  пробация қызметі қатысты.

Кездесу барысында жазасын өтеуші азаматтарға  жаза өтеп босатылған адамдардың босатылғаннан кейінгі құқықтары мен міндеттері, ішкі істер органдарына, пробация қызметіне профилактикалық тіркелу,  қазіргі еңбек нарығындағы жағдайларға бейімдеу жұмыстары және Қазақстан Республикасының «Халықты еңбекпен қамту туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік өкілеттік органдардың делдалдығы арқылы азаматтардың жұмыссыздықтан қорғалуына, жұмыс таңдауына және жұмысқа орналасуына жәрдемдесуге кепілдік беретіндігі, мемлекет тарапына берілетін әлеуметтік көмектер туралы, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының негізгі міндеттері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

ҚАЖ мекемелерінде жазасын өтеп жүрген сотталғандарды қоғамға лайық азамат ретінде бостандыққа дайындау, олардың бостандыққа шыққаннан кейінгі өмірге бейімделуіне қолайлы әсер етеді.