Сотталғандарды еңбекке тарту және еңбек жағдайларын ұйымдастыру.

Сотталғандарды еңбекке тарту және еңбек жағдайларын ұйымдастыру.

07.09.2020 0 Автор mseditor

Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бәрi түзеу мекемесiнiң әкiмшiлiгi белгiлеген орындар мен жұмыстарда еңбек етуге мiндеттi. Сотталғандар өздерiн тиiстi күзетпен және оқшаулаумен қамтамасыз еткен жағдайда түзеу мекемелерiнiң кәсiпорындарында, мемлекеттiк кәсiпорындарда немесе өзге де меншiк нысанындағы кәсiпорындарда жұмысқа тартылады.


Сотталғандар дербес еңбек қызметiмен айналысуға құқылы. 

Түзеу мекемелерiнiң әкiмшiлiгi сотталғандарды жынысын, жасын, еңбекке қабiлетi мен мүмкiндiгiнше мамандығын ескере отырып, еңбекке орналастырады. 

Қылмыстық-атқару кодексінің жаңа толықтарулар мен өзгерістерінің 149-бабына сәйкес камералық жағдайда ұсталынатын сотталғандардың еңбектері арнайы жабдықталған жұмыс камераларында ұйымдастырылады. Жұмыс камераларында санитариялық нормалар және еңбекті қорғау ережелері сақталады. Еңбек әр түрлі санаттағы сотталғандарды бір-бірінен сенімді оқшаулауды  қамтамасыз ететіндей ұйымдастырылуда. Жұмыс камераларында бірігіпжұмыс істейтін сотталғандардың санын мекеме әкімшілігі анықтайды.

Камералық жағдайда ұсталынатын сотталғандардыңеңбек нормалары өз кезегінде жұмыс уақытыныңұзақтығын, еңбекті қорғау тәртібін, қауіпсіздік шараларын, өндірістік санитариялық нормаларды анықтайтын, заңда белгіленген  жалпы қабылданған нормаларға сай.

Камералық жағдайда ұсталынатын бас бостандығынан айыруға сотталғандардың еңбегі осы баппен реттеледі. Еңбек жағдайы еңбек заңнамасымен анықталады. Сотталғандардың еңбек ақысы заңнамаға сәйкес жүргізіледі және белгіленген минималды еңбекақының ең төменгі мөлшерінен төмен болмайды.  Мекеме әкімшілігі жұмыс орнын құруға және мамандығы, еңбек қабілеттігі, денсаулығы, жасын ескере отырып камералық жағдайда ұсталынатын барлық еңбекке қабілеті бар сотталғандарды еңбекке тартуға шара қолданылады.

Сотталғандардың камерадан тыс жерде еңбек етуі мекеменің ішкі тәртіптеме қағидаларына сәйкес жүргізіледі. Жұмыс камерасы болмаған кезде еңбек өндіріс  аймақтың оқшауланған учаскелерініңаумақтарында ұйымдастырылады. Өндіріс аймағы күзетілетін аумақта орналасқан арнайы үй-жайлардаорналасады. Өндіріс аймақтар күзетудің қосымша құралдарымен қамтамасыз етіледі.

Сотталғандардың өздері, киімдері және мүліктері, сондай-ақ жұмыс істейтін камералары жұмыс істеудің басында және жұмыстың соңында тінтіп-тексеріледі.Бекітілген күн тәртібі уақытында сотталғандар жұмысқа тарату және жұмыстан щығару үшін арнайы бөлінген орында сапқа тұрғызылады. Тарату кезінде сотталғандардың сыртқы пішіні және белгіленген киім нысандары тексеріледі. Тыйым салынған заттарды алыпөтуге жол бермеу мақсатында сотталғандар және олардың жұмыс орындары (камералар) жұмыстың басында және жұмыстың соңында тінту-тексеру жұмыстары жүргізіледі.

 

Шымкент қаласы бойынша ҚАЖД  ИЧ-167/4 мекемесінің СЕҰТ аға инспекторы әділет аға лейтенанты ​​​​​​​А.Қасымов