Сотталғандар арасында жарыс өтті

Сотталғандар арасында жарыс өтті

03.12.2020 Выкл. Автор mseditor

ЗК-169/5 мекемесінің тәрбие бөлімі мен «Pro bono» қоғамдық қоры бірлесіп,  сотталғандар арасында спорт түрлерінен  жарыс ұйымдастырды.

Олар дойбы, шахмат, қол күрестен сынға түсіп, викториналық сұрақтарға жауап берді.

Шараны сотталғандар арасында әлеуметтік психологиялық тәрбие жұмысы бойынша бөлім бастығының міндетін атқарушы Байқадам Балтабайұлы ашып, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Тақта үстіндегі соғыс деп аталып кеткен шахмат  ойынында  сотталғандар  ерекше ойын көрсетті. Олар бар ынта- жігерін салып, шеберліктерін көрсете білді. Нәтижесінде, 1 – орынды А.есімді, 2 – ші орын М.есімді иеленсе, ал 3 – ші орынды Е.есімді азаматтар иеленді. Білік күшінің мықтылығын көрсететін қол күресте де сотталғандар өздерінің осал еместігін көрсетті. Білек күшінің мықтылығымен қарсыластарын жеңген В. есімді сотталған І орын иеленді.

Одан соң сотталғандар командалық «Арлан», «Қыран», «Батыр» топтарына бөлініп,  викториналық сұрақтарға жауап беріп,  өлең айтып, домбыра тартып, өнерлерін көрсетті.Сотталғандардың  спорттық ойынына, өнеріне мекеме қызметкерлерінен құралған қазылар алқасы өз бағаларын берді.  Сұрақтарға шапшаң, әрі жылдам жауап беріп, өлең орындауда алдына жан салмаған «Батыр» командасы жүлделі орынды иеленді.

Сайыс соңында жеңімпаздар «Pro bono» қоғамдық қорының грамоталармен және сыйлықтарымен марапатталды. Сайысқа қатысқан  сотталған  азаматтар «Pro bono» әлеуметтік жобаларын ұйымдастырушы қоғамдық қорына және мекеме қызметкерлеріне алғысын айтты.