Сотталғандар арасында тренинг өтті

Сотталғандар арасында тренинг өтті

07.12.2020 Выкл. Автор mseditor

ЗК-169/5 мекемесінің психолог маманының ұйымдастыруымен сотталғандар арасында «Әлем неткен керемет» тақырыбында психологиялық тренинг өтті.  

Шараға облыстық психикалық денсаулық орталығының  психолог мамандары қатысты.

Тренинг барысында орталықтың психологы Асел Асылбекқызы жазасын өтеушілермен «Ой мен сана», «Жақсы мен жаман» психологиялық тренинг жаттығуларын жүргізді. Ал, психолог Шырынкүл Раушанбекқызы сотталғандармен сұрақ-жауап әдістемесін пайдаланып, жазасын өтеушілер өз ойларын ортаға салып, сұрақтар қойып, өзара пікір алмасты.

Тренинтің мақсаты жазасын өтеуші азаматтарға мына әлемде өмір сүрудің кереметтілігіне ерекше назар аударта отырып, өмір сүруге деген ынтасын арттыру. Яғни, аталған шараның түпкілікті ойы жазасын өтеуші азаматтар арасында өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу болып табылады.