Сотталғандар арасында дартстан сайыс өткізілді

Сотталғандар арасында дартстан сайыс өткізілді

30.11.2020 Выкл. Автор САҚШЫ INFO

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу аясында жыл сайын ауқымды мәдени іс-шаралар өткізіледі, оның басты мақсаты елдегі бейбітшілік пен келісімді нығайту, азаматтардың бойында патриоттық сезімдерін қалыптастыру.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнінің қарсаңында СҚО бойынша ҚАЖД «ЕС-164/1 мекемесі» РММ-де шаруашылық қызметіне қалдырылған сотталғандар арасында «дартс сайысы» ұйымдастырылды.  Спорттың аталмыш түріне сотталғандар ерекше қызығушылық танытты. Сайыстың басты мақсаты, сотталғандардың тәрбие үрдісіне белсенді қатысуына мүмкіндік жасап, түрлі бағытта қабілеттерін шыңдау, сонымен қатар олардың қоғамдық белсенділігін дамыту. Сайыс барысында сотталғандарға ойын ережесі түсіндіріліп, іс-шараның ұйымдастырылу мақсаты айтып жеткізілді.

Жарысқа әділ төрелік етуге СҚО бойынша ҚАЖ Департаментінің сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмысы бөлімшесінің аға инспекторы әділет майоры Ержанов Серик Ермекович шақырылды. Іс-шара тартысты, әрі қызықыты өтті. Сотталғандар аталмыш сайыс түрін жиі өткізіп тұруға байланысты ниеттерін білдірді. Іс-шара қорытындысы бойынша сотталғандар мекеме бастығының грамоталарымен марапатталды.