Сотталғандар 50 жылдық тарихы бар Ғани Мұратбаев мұражайына экскурсия жасады

Сотталғандар 50 жылдық тарихы бар Ғани Мұратбаев мұражайына экскурсия жасады

03.12.2020 Выкл. Автор mseditor

Қазалы аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар ауданындағы 50 жылдық тарихы бар Ғани Мұратбаевтың мемориалдық мұражайына экскурсия жасады.

Тағылымы мол танымдышараны аудандық пробация қызметі ұйымдастырды. Мұражай қызметкері пробация есебіндегі азаматтарға Ғани Мұратбаевтың туған жерінің тарихын, оның балалық шағы мен қызмет еткен уақыты туралы, Ғанидің замандастары мен ізбассарларына арналған 7 залды аралап мол мағұлмат берді. Одан соң, мұражайдың соңғы залыТәуелсіздік залындағы «Әлем таныған Елбасы» фотокөрмесін тамашалап, Желтоқсанның құрбандары, қазақтың тұңғыш ғарышкерлері және Астана туралы фотосуреттер мен мәліметтермен танысты.

«Мұражайды аралап,бабалар тарихының тереңіне үңіліп, рухани азық алдық. Сонымен қоса, Тәуелсіздік залынан Қазақстанның ТұңғышПрезиденті Н.Назарбаевтың тәуелсіздік жылдарындағы ерен еңбегі туралы мол мағұлматтармен таныстық. Пробация қызметі мен мұражай қызметкерлеріне алғысым шексіз»,

– деді есептегі азамат.