Сотталған азаматтармен кездесу өттi

Сотталған азаматтармен кездесу өттi

07.12.2020 Выкл. Автор mseditor

Қызылорда қаласындағы ЗК-169/4 мекемесіндежазасын өтеуші азаматтармен кездесу өтті. ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары әділет подполковнигі Ж.Әбдіқайыровтың төрағалығымен жүргізілген кездесуге, Қызылорда қалалық №2 сотының судьясы Ж.Жәкеева, облыстық прокуратурасының үкімінің орындалуын қадағалау басқармасының бастығы С.Ахметов, облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасының  бөлім басшысы Н.Жапаков және осы мекемеде жазасын өтеп жүрген азаматтар қатысты. Кездесу барысында  судья  Ж.Жәкеева мекемеде жазасын өтеуші азаматтарға ҚР Қылмыстық кодексінің 72, 73 баптары бойынша құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесуге мекемеде жазасын өтеуші 30–ға жуық азамат қатысып,  толғандырған мәселе төңірегінде сұрақтарын қойды.

 Азаматтардың тарапынан жиі қойылған сауалдар – мерзімінен бұрын босату тәртібі мен шарттары, жазасының өтелмеген бөлігін жеңіл жаза түріне ауыстыру,жазасының өтелмеген бөлігін айыппұлмен ауыстыру және еңбек демалысына шығу тәртібі.

Әрбір азаматтың мәселесі ескерусіз қалмады, әрқайсысы толғандырған сауалдарға толыққанды жауап алды.