Сот жүктеген міндеттерді орындамаған 4 сотталған сот залынан қамауға алынды

Сот жүктеген міндеттерді орындамаған 4 сотталған сот залынан қамауға алынды

04.11.2020 Выкл. Автор mseditor

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Шиелі аудандық пробация қызметінің инспекторлары сотталғандар тарапынан жасалатын құқықбұзушылық, қайта қылмыстың алдын алу, болдырмау мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізіп жатыр.

Жыл басынан аудандық пробация қызметі  бірнеше мәрте ескертулерден қорытынды шығармаған, сот жүктеген міндеттерді орындамаған,13 есепте тұрған сотталғанның іс –құжаттарын  бас бостандығын шектеу жазасынан бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру үшін сотқа ұсыныс жолдаған. Сот қаулысымен 9 сотталғанның бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыруға ауыстырылып, ҚАЖ мекемелеріне өтеуге жіберілді.

Ал төрт сотталған түзелу жолына түсудің орнына пробациялық бақылау мерзімі ішінде ескертулерге қарамастан тіркелуге келмей, әкімшілік құқықбұзушылық жасап, сот жүктеген міндеттерді орындамағаны үшін сот қаулысымен сот залынан қамауға алынды.