Солжағалау аудандық пробация қызметі күшейтілген қызметте жұмыс жүргізуде

Солжағалау аудандық пробация қызметі күшейтілген қызметте жұмыс жүргізуде

27.11.2020 Выкл. Автор САҚШЫ INFO

ШҚО бойынша Солжағалау аудандық пробация қызметінде пробация қызметтерінің есебінде тұрған тұлғалардың жаңа құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс – шарасы өтіп жатыр.

Бас бостандығын айырумен байланысты емес жазаларға сотталғандардың барлығын, олардың тарапынан құқық бұзушылықтарды уақтылы анықтау және қайта қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мәніне тексеру жұмыстары жүргізіліп, шекарадан шығу, хабарлаусыз елдің ішінде жүру, әкімшілік құқық бұзушылық жасау бойынша тексерілуде.

«Бүгінгі күні Солжағалау аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарды тұрғылықты мекен жайы бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп, қазіргі уақытта 100 ден астам сотталған тексерілді. Сонымен қатар, іздестіруде жүрген сотталғандар бойынша жұмыстар атқарылды. Барлық іс – шаралар карантин талаптарына сай қорғану құралдарын міндетті қолданумен санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтаумен ұйымдастырылды»,

– деді Солжағалау аудандық пробация қызметінің қызметкері Қайрат Қайратулы.